Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы жанындағы облыстық сараптама-тексеру комиссиясының кезекті отырысының қорытындысы 30 наурыз 2015 жыл

2015 жылдың 30 наурызында Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы «БҚО мемлекеттік мұрағаты» КММ директоры А.Н.Савгабаеваның төрағалығымен облыстық сараптау-тексеру комиссиясының кезекті отырысы өткізілді.
            Комиссиянын жұмыс жоспарына сәйкес алдымен шақырылған мекемелердің өкілдерін тындау болды, атап айтқанда «Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының жастар шығармашылығы орталығы» МКҚК  және «Қазақтелеком» АҚ БҚО филиалы, олар осы мекемелерде іс-жүргізу және мұрағат ісі қалай қалыптасқаны туралы баяндап берді. Ал сол сияқты шақырылған «Жайық Пресс» ЖШС және «Облыстық стоматологиялық балалар емханасы» өкілдері қатынымай комиссияның жұмысынан тыс қалды.Комиссияның жұмыс қорытындысы бойынша осы мекемелер басшыларына ұсыныстар енгізілді.
Одан әрі комиссия өз жұмысында облыстың келесі мекемелерімен кәсіпорындары ұсынған құжаттарын қарап шешімін берді.
2015 жылға арналған істер номенклатурасы келісім алғандар, «Баян Лемитед» ЖШС, «БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернаты» КММ, «БҚО Тұтынушыларың құқығын қорғау департаменті» ММ, «Арнаулы медициналық жабдықтау базасы» КММ, «БҚО білім басқармасы» ММ, «Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ, «Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі», «Технологиялық колледжі» МКҚК, «Нұр Отан партиясы» БҚО филиалы, Табиғи монополияларды реттеу және басекелестікті қорғау комитеті» Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» ММ, Орал қаласындағы «Kaspi Bank» АҚ филиалы, «Батыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының жастар шығармашылығы орталығы» МКҚК, «Ветеринариялық зертхана» РМК, «БҚО  бойынша экология департаменті» РММ және «БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ ұсынылған тізімдемесіне келісім алынды.
Сонымен қатар 12 мекеме сараптау комиссиясыжәне ведомстволық  мұрағаты туралы ережелеріне келсім берді.
Келесі СТК –ның отырысы үстіміздегі жылдың 30 сәуірінде өтеді.

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel