Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының жанындағы облыстық сараптама-тексеру комиссиясының кезекті отырысының қорытындысы

2015 жылдың 30  желтоқсанында Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқарма басшысының орынбасары В.А.  Иночкиннің төрағалығымен облыстық сараптау-тексеру комиссиясының кезекті отырысы өткізілді.
            Комиссия өз жұмысында облыстың келесі мекемелерімен кәсіпорындары ұсынған құжаттарын қарап келесілерге оң шешімін берді, олар, ғылыми-техникалық өндеу жұмысының қорытындысы бойынша: Батыс Қазақстан облыстық соты, БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Облыстық кеңесші-диагностикалық орталығы» МКК, БҚО әкімдігі білім басқармасының «Өркен» қосымша білім беру орталығы МКҚК,  Орал «Сервис» технологиялық колледжі,  ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің «БҚО бойынша департаменті» РММ, «Жайықжылуқуат»  АҚ тізімдемелері.
Істер номенклатурасы бойынша: «Батыс Қазақстан облысының энергетика және түрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ, «ҚР Инвестиция және даму министрлігі индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің БҚО бойынша департаменті» РММ, БҚО әкімдігі білім басқармасының «Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаты» КММ, БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ «№5 қалалық емханасы» МКК, «ҚазТрансОйл» АҚ батыс филиалы Орал мұнай құбыры басқармасы, «Батыс Қазақстан облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы» РММ, «Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы» ММ, Орал қаласының прокуратурасы, «Қазақтелеком» АҚ филиалы- Батыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы, ҚР «Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің БҚО аумақтық инспекциясы» ММ, «Орал қаласының Әділет басқармасы» РММ, «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-мәдени мұраларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы» КММ, «Фитосанитария» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Батыс Қазақстан облыстық филиалы, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» ШЖҚ РМК Батыс Қазақстан филиалы, «Орал қалалық әйелдерге арналған әлеуметтік оңалту және бейімдеу орталығы» КММ, «Мейірім» «облыстық мамандандырылған бөбектер үйі» КММ, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті «Батыс Қазақстан облысының Статистика департаменті» РММ, «Қазаэронавигация» ШЖҚ РМК Орал филиалы, Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК, БҚО әкімдігі денсаулық  сақтау  басқармасының  ШЖҚ «Облыстық  клиникалық  ауруханасы»  МКК. 
Барлығы 20 істер номенклатурасы келісілді.
 Сонымен қатар14 сараптау комиссиясыжәне ведомстволық  мұрағаты туралы ережелеріне өз келісімін берді.
Сондай ақ, «Мирлан»  ЖШС және «БҚО ішкі саясат басқармасы»  ММ мерзімі өткен құжаттарға акті келісілді.
Келесі СТК –ның отырысы жұмыс жоспарына сәйкес 2016жылдың 29 қаңтарында өтеді.

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel