Батыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының жанындағы облыстық сараптама-тексеру комиссиясының кезекті отырысының қорытындысы
2018 жылдың 30 наурызда Батыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, архивтер және құжаттама бөлімінің басшысы Л.Т.Төремұратованың төрағалығымен облыстық сараптау-тексеру комиссиясының кезекті отырысы өткізілді.
Комиссия отырысына ұлттық архивтің толықтыру көздері болып енгізілген мекеме өкілдері шақырылып баяндамалары тыңдалды.
Баяндамада облыстық мемлекеттік архивтің толықтыру көздерінің өкілдері БҚО отбасы үлгісіндегі балалар ауылы, «АТиСО» Академиялық колледжі, Жәңгірхан атындағы БҚАТУ, Орал гуманитарлық колледжі мемлекеттік емес мекемесі, Деркөл мәдени-демалыс орталығы және «Орал қаласының Желаев селолық округі әкімінің аппараты» ММ архив саласына жауапты қызметкерлері
осы мекемелерде іс-жүргізу және архив ісі қалай қалыптасқаны туралы баяндап берді.
Комиссия мүшелері сөйлеушілердің ақпаратын қортындылай келіп, баяндама жасаған мекеме өкілдеріне ведомстволық архивінде сақтауда тұрған құжаттарының есептерін жүргізуді және олардың талапқа сай сақталуын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізді.
Одан әрі комиссия өз жұмысында облыстың келесі мекемелері мен кәсіпорындары ұсынған құжаттарын қарап шешімін берді, олар: ғылыми-техникалық өңдеу жұмысының қорытындысы бойынша, «А.Н.Островский атыңдағы орыс драма театры, «№ 2 Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» МКҚК, Батыс Қазақстан облысының статистика департаменті; істер номенклатурасының қарау қорытындысы бойынша: Батыс Қазақстан Облысының прокуратурасы, «Орал» спорт клубы МКҚК, «ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау Комитетінің БҚО бойынша қоғамдық денсаулық сақтау департаменті» РММ, «Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығы» МКҚК, «Батыс Қазақстан индустриялды колледжі» МКҚК, «БҚО қаржы басқармасы» ММ, «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК, «Орал қаласының Зачаган кенті әкімінің аппараты» ММ, «Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты» ММ, «Орал қаласының Желаев селолық округі әкімінің аппараты» ММ, Әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің БҚО бойынша департаменті, «Көп бейінді облыстық балалар ауруханасы» МКК, «Қазақстан Республикалық Телерадиокорпорациясы» АҚ, «№ 1 Балалар өнер мектебі» МКҚК, «Қазгидромет» РМК БҚО бойынша филиалы, «БҚО бойынша Көліктік бақылау инспекциясы» РММ, «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығы» МКҚК, «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ.
Сонымен қатар, 7 мекеменің сараптау комиссиясытуралыжәне ведомстволық архиві туралы ережелеріне өз келісімін берді.
Келесі СТК–ның отырысы жұмыс жоспарына сәйкес 2018 жылдың 27 сәуірде өтеді.
Ведомстволық архивтермен жұмыс бөлімі