Батыс Қазақстан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінің сараптау-тексеру комиссиясының кезекті отырысының қорытындысы

2019 жылдың 29-шы наурыз күні БҚО ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқарма басшысының орынбасары А.С.Ашық төрағалығымен облыстық сараптау-тексеру комиссиясының кезекті отырысы өткізілді.
Комиссия отырысы барысында облыстық мемлекеттік архивтің толықтыру көздерінің өкілдеріне сөз берілді. Баяндамаларда, ұйымдарда іс-жүргізу барысы жөнінде, ведомстволық архивтердің орналасуы мен жай-күйі, құжаттардың қалыптасуы мен сақталуы, және осы бағыттағы жалпы атқарылып жатқан іс-шаралар туралы ақпарат берілді.
 Комиссия мүшелері сөйлеушілердің ақпаратын қортындылай келіп, аталған мекеме  басшыларына ведомстволық архивтерде архив ісін және іс жүргізуді жетілдіру мәселелеріне ерекше назар бөлуді, мекемелерде сақтауда тұрған құжаттардың есептерін жүргізуді және олардың талапқа сай сақталуын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізді.
       Одан әрі комиссия өз жұмысында облыстың келесі мекемелерімен кәсіпорындары ұсынған құжаттарын қарады. Олар, ғылыми-техникалық өңдеудің қорытындысы бойынша: Казтрансойл АҚ, «БҚО бойынша байланыс инспекциясы» РММ құжаттары келісілді.
        Істер номенклатурасының қорытындысы бойынша: «Теннистен облыстық мамандандырылған олимпиада резервінің балалар-жасөспірімдер мектебі» МКҚК, «Орал қаласының мамандандырылған тергеу соты» ММ, БҚО тілдерді дамыту басқармасы ММ, №3 балалар жасөспірімдер спорт мектебі МКҚК, Облыстық туберкулезге қарсы диспансері ШЖҚ МКК, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы ММ, «Батыс су Арнасы» ЖШС, «ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің БҚО бойынша департаменті» РММ істер номенклатуралары келісілді.
        Сонымен қатар, 11 мекеменің сараптау комиссиясы туралы және ведомстволық  архиві туралы ережелеріне өз келісімін берді.
        Келесі СТК–ның отырысы жұмыс жоспарына сәйкес 2019 жылдың 30 сәуірде өтеді.
Ведомстволық архивтермен жұмыс бөлімі

 

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel