БҚО ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының БҚО мемлекеттік архивінің сараптау-тексеру комиссиясының кезекті отырысының қорытындысы

          2019 жылдың 30-шы қыркүйек күні БҚО ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқарма басшысының орынбасары А.С.Ашық төрағалығымен облыстық сараптау-тексеру комиссиясының кезекті отырысы өткізілді.
         Комиссия отырысы барысында облыстық мемлекеттік архивтің толықтыру көздерінің өкілдеріне сөз берілді. Баяндамаларда, ұйымдарда іс-жүргізу барысы жөнінде, ведомстволық архивтердің орналасуы мен жай-күйі, құжаттардың қалыптасуы мен сақталуы, және осы бағыттағы жалпы атқарылып жатқан іс-шаралар туралы ақпарат берілді.
          Комиссия мүшелері сөйлеушілердің ақпаратын қортындылай келіп, аталған мекеме  басшыларына ведомстволық архивтерде архив ісін және іс жүргізуді жетілдіру мәселелеріне ерекше назар бөлуді, мекемелерде сақтауда тұрған құжаттардың есептерін жүргізуді және олардың талапқа сай сақталуын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізді.
       Одан әрі комиссия өз жұмысында облыстың келесі мекемелерімен кәсіпорындары ұсынған құжаттарын қарады. Олар, ғылыми-техникалық өңдеудің қорытындысы бойынша: «Торгсинтез» ЖШС, «Круглоозерный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ, «Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Қ. Мырзалиев атындағы орта мектебі» КММ  құжаттары келісілді.
        Істер номенклатурасының қорытындысы бойынша: БҚО әкімдігінің білім басқармасының «Батыс Қазақстан индустриалды колледжі» МКҚК, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Батыс Қазақстан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, БҚО дарынды балаларға арналған   мамандандырылған «Білім-инновация мектеп-лицей-интернаты» КММ, «Талап» акционерлік қоғамы, «Батыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Облыстық кардиологиялық орталығы» МКК, Техникалық реттеу және метрология комитетінің БҚО бойынша департаменті РММ, «БҚО қаржы басқармасы» ММ істер номенклатуралары келісілді.
        Сонымен қатар, 5 мекеменің сараптау комиссиясы туралы және ведомстволық  архиві туралы ережелеріне өз келісімін берді.
        Келесі СТК–ның отырысы жұмыс жоспарына сәйкес 2019 жылдың 31 қазанда өтеді.         
 Ведомстволық архивтермен жұмыс бөлімі

 

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel