Мұрағаттық анықтамалар беру тәртібі туралы (13.11.2014)

2014 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №183 қаулысымен бекітілген «Мұрағаттық анықтамаларды беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағатының ғылыми-анықтамалық аппарат және құжаттарды пайдалану бөлімі жеке және заңды тұлғалардан түскен әлеуметтік-құқықтық сипаттағы өтініштерді орындауда.

Мемлекеттік мұрағатқа тақырыптық сипаттағы сұраныстар, жеке және заңды тұлғалардан түсетін шежіре туралы, мекеме тарихы туралы, жұмыс өтілі туралы, еңбекақысы туралы, нотариаттық іс-әрекеттер туралы (сату-сатып алу, мұраға қалдыру туралы келісім және т.б.) өтініштер түсуде. Сонымен қатар, өтініштер www.e.gov.kz«Электронды Үкімет» веб-порталы арқылы да түсуде.

2014 жылдың шілде айынан бастап Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағаты ХҚКО арқылы өтініштерді қабылдауда.

Ағымдағы жылдың 10 айында 3402 өтініштер түсті.

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel