Газеттердің электронды кітапханасы толықты (12.03.2015)
Құрметті сайт пайдаланушылары!
ҰОС-дағы Жеңістің 70-жылдығына орай БҚО мемлекеттік мұрағаты өз сайтында мұрағаттық құжаттарды жариялау кезеңін жалғастыруда. Осы орайда бүгін жарияланымдардың сериясын "Приуральская правда" облыстық газетінің 1942 жылғы түптемесі жалғастыратын болады. Бұдан бұрын сайтта осы газеттің 1943 жылғы түптемесі жарияланған болатын.
Газеттің флеш-нұсқасымен "Басылымдар, шығарылымдар - Шығарылымдар - Газеттер, кітаптар және журналдар электрондық жинағы" модулінен танысуға болады.