1941-1945 жж ҰОС-ның ардагері Т.Кенеевтың жеке тектік құжаттары бойынша электронды көрме жарияланды (30.03.2015)
Мұрағаттың сайтында 1941-1945 жж ҰОС-на қатысушылар мен ардагерлердің жеке тектік құжаттары бойынша құжаттар жарияланымы жалғасуда. Сіздің назарыңызға соғыс ардагері Тохтам Кенеевтың құжаттары мен суреттері ұсынылады.
1942 жылы Панфилов орта мектебін бітірген соң әскер қатарына шақырылды. Иркутскідегі ариллеристер дайындайтын кіші командир мектебін бітірді. Одан кейін 1086 полктың пулемет ротасында бөлімше командирі болып ұрысқа кірісті. Ржев, Великие Луки, Невель, Смоленск, Витебск, Шауляй, Клайпеда, Кенигсберг қалаларын азат етуге қатысты. Т.Кенеев 1947 жылы сәуірде жеңіспен елге оралды.