2015 жылы 15 маусымда Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағаты мен Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағаты арасында екі жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

2015 жылы 15 маусымда Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағаты мен Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағаты арасында екі жақты ынтымақтастық туралы меморандумға Президент Мұрағатының директоры Жапаров Борис Әлікенұлы мен облыстық мемлекеттік мұрағатының директоры Савгабаева Айжан Нұрғалиқызы қол қойды.
Тараптар мұрағатшы мамандардың бастамаларын қолдау, ақпарат пен тәжірибе алмасу, бірлескен зерттеулер мен ғылыми жобаларды әзірлеу мен жүзеге асыру, симпозиумдар, конференциялар, семинарлар, курстар мен шеберлік сыныптарын ұйымдастыру үшін мұрағаттардың күш жігерін біріктірді.
Аталған құжат мұрағат және құжаттама саласында әлеуметтік жобалар мен түрлі шараларды көптеп ұйымдастыруда бірігіп жүзеге асыруға негіз қалады. Осы меморандум Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағаты мен Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағаты мамандарының арасындағы әртүрлі салада қарым-қатынасты дамытуына жол ашатын болады.

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel