ҰОС-ның және еңбек ардагері, "Фронтовичка" клубының мүшесі Екатерина Иосифовна Хрущеваға (Яблонскаяға) арналған виртуалды көрме жарияланды (17.08.2015)

Құрметті пайдаланушылар!

Сіздің назарларыңызға веб-сайттың "Шаралар - Көрмелер" бөлімінде (сілтеме бойынша кіріңіз) «Фронтовичка» клубының мүшесі, соғыс және еңбек ардагері Екатерина Иосифовна Хрущеваның электрондық түрдегі жеке тектік құжаттарын және фотосуреттерін ұсынамыз.

Екатерина  Иосифовна Хрущева  (Яблонская) 1921 жылдың 15 қарашасында Чкалов (Орынбор) облысы Теплов ауданы Шапошниково ауылында дүниеге келген. 1928 жылы отбасы Батыс Қазақстан облысының Переметное ауылына, ал 1936 жылы Орал қаласына көшті. Оралдағы мектепті бітіріп, Орал педагогикалық институтының жаратылыстану-география факультетіне оқуға түсіп, институтты 1939 жылы тәмамдады. Сол жылдың тамызында Гурьев облысындағы Доссор ауылының мектебіне жұмысқа жіберілді. Осы жерде 1 жыл бойы жұмыстанды. Кейін Сағыз бекетіне жіберіліп, мектепте оқу ісінің меңгерушісі және оқытушы болып қызмет атқарды. 1942 жылы Орал қаласына келіп, 3-айлық Роковский медбикелерді дайындайтын курсқа оқуға түсті. Курсты сәтті аяқтап, әскерге шақырылды. Жаңадан құрылған эшелонмен Қиыр Шығысқа жолданды. Уссури тауынан 500 шақырым жердегі гарнизонға келгеннен кейін Екатерина Иосифовнаны байланыс ротасына бөліп жіберді. 1943 жылдың аяғында Спасск қаласындағы байланыс ротасына жіберіліп, сонда Жеңіс күнін қарсы алды. Бірақ 1945 жылдың тамызында Жапониямен соғыс басталғанда Хутое қаласына ұшқыштармен байланысты жолға қоюға жіберілді. Дегенмен көп ұзамай Жапония жеңіліп, 3 қыркүйекте жеңісті тойлады. 1945 жылдың қарашасында әскерден оралды.

Бейбіт уақытта әртүрлі мекемелерде: Ворошиловградтағы әуе мектебінде, Кавдивизияда, милиция органдарында жұмыс жасады.  1976 жылдың желтоқсанында медколледжден зейнеткерлікке шыққаннан кейін де бірнеше жыл жұмыстанды.

Екі қыз тәрбиеледі. Екеуі де медицина қызметкерлері.

1989 жылдың қыркүйегінен «Фронтовичка» клубында.

ІІ-ші дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін», Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуковтың медалімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Осы көрмені дайындау барысында негізгі дереккөз ретінде Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағатындағы №537 қор «Фронтовичка» клубы мүшелерінің құжаттар топтамасынан Екатерина Иосифовна Хрущеваның жеке тектік құжаттары алынды.

Көрменің негізгі мақсаты: «Есте сақтау үшін»

Негізгі міндеті: жас ұрпақ жерлестеріміздің қажырлы еңбектерін үлгі тұтуы үшін олардың өмірбаяндарымен таныстыру. Ардагерлердің ерліктерін жадында ұстап, мәңгі есте қалдыру.

Көрме келесі бөлімдерден тұрады:

  1. Алға сөз
  2. Өмірбаяндық мәліметтер
  3. Марапаттар
  4. Фотосуреттер

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel