«Фронтовичка» клубының мүшесі, клуб төрайымы Алевтина Тимофеевна Митрохинаның жеке тектік құжаттарына электрондық көрме (19.08.2015)

Сіздің назарларыңызға «Фронтовичка» клубының мүшесі, соғыс және еңбек ардагері, қоғам қайраткері Алевтина Тимофеевна Митрохинаныңэлектрондық түрдегі жеке тектік құжаттарын және фотосуреттерін ұсынамыз.
Алевтина Тимофеевна Митрохина (Савченко) 1925 жылдың 14 тамызындаСаратов облысы Озинки ауданы Таловое ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. 1940 жылы Озинки орта мектебінің 8-ші сыныбын бітірген. Соғыс басталғанда мектеп жанындағы госпитальге жұмысқа кіріп, 6 айлық әскери уақыттағы медбике дайындайтын курстарында оқиды.
Курстарды бітіргеннен кейін әскери комиссариаттың жолдамасымен 15994-ші әскери бөлімге (3636-шы далалық әскери госпитальге) барды. 1942 жылдың 18 қарашасында Сталинград майданына жолданып, 62-ші іс-әрекет ететін әскер құрамында неміс-фашист басқыншыларына қарсы күресті.
Сталинград шайқасынан кейін 1943 жылдың 2 ақпанында 15994-ші әскери бөлім 3-ші Украина майданының құрамына кірді. Украинаны, Молдавияны, Румынияны, Югославияны, Венг­рияны азат етті.
Жеңіс күнін Будапешт қаласында қарсы алды. 1945 жылдың қазанында жауынгер Л.М.Митрохинмен танысып, артынан отау құрады. Қараша айында екеуі де әскери қызметтен босатылып, Орал қаласына келді.
Орал медициналық училищесін бітіріп, лаборант, оқытушықызметтерін атқарған. 31 жыл бойы медицина училищесінде еңбек еткен. Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан. Екі рет Орал қалалық кеңесінің депутаты болып сайланды.       
Үш қыз тәрбиеледі. Жолдасы 1995 жылы дүниеден озды.
«Фронтовичка» клубының қатарында алғашқы құрылғаннан қатысып жүр. 2003 жылдан клуб төрайымы. «Отан» партияның мүшесі. Бірнеше өлеңдердің авторы. 2003 жылы Митрохинаның өлеңдер жинағы жарыққа шықты.
ІІ-ші дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Германияны жеңгені үшін», «Сталинград шайқасына 40 жыл», мерейтойлық медальдармен, «КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.
Мақсаты: Жалпы оқырман қауымға БҚО мемлекеттік мұрағатының №537 қор құжаттарынан Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестердің өмірбаяны туралы мәліметтер ұсыну. Мұрағаттық құжаттармен таныстыру арқылы туған өлкеміздің тарихына мақтаныш сезімін ояту, патриотизмді қалыптастыру.
Міндеттер:
- Мұрағаттық құжаттарды Ұлы Отан соғысы тарихын зерттеудің дереккөзі ретінде насихаттау;
- Ұлы Отан соғысына қатысушы, «Фронтовичка» клубы мүшелерінің өмірбаяндарымен таныстыруды жалғастыру;
- Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет сезімін қалыптастыру.
Көрме келесі бөлімдерден тұрады:
  1. Өмірбаяндық мәліметтер
  2. Марапаттар
  3. А.Т. Митрохина туралы басылымдар
  4. Фотосуреттер

Толығырақ оқу...

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel