Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының жанындағы облыстық сараптама-тексеру комиссиясының кезекті отырысының қорытындысы(13.07.2016)
2016 жылдың 30 маусымында Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқарма басшысының орынбасары В.А. Иночкиннің төрағалығымен облыстық сараптау-тексеру комиссиясының кезекті отырысы өткізілді.
Комиссия отырысына ұлттық мұрағаттың толықтыру көздері енгізілген 4 мекеме өкілдері шақырылып, 3 мекеме өкілдерінің баяндамалары тыңдалды.
Баяндамада облыстық мемлекеттік мұрағаттың толықтыру көздерінің өкілдері «Домостроитель» өндірістік кооперативі» мекемесінің кадрлар бөлімі А.Абдулова, «Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығы» МКҚК мекемесінің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі А.Суйлеменова, «Облыстық балалар-жасөспірімдер бокс спорт мектебі» МКҚК мекемесінің іс-қағаздарын жүргізушісі А.Мырзағұлова осы мекемелерде іс-жүргізу және мұрағат ісі қалай қалыптасқаны туралы баяндап берді.
Шақырылған «Орал қаласындағы ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің өкілдері қатыспай, комиссиясының жұмысынан тыс қалды.
Отырыс барысындакомиссия мүшелері баяндама жасаған мекеме өкілдеріне ақпаратын қортындылай келіп, ведомстволық мұрағатында сақтауда тұрған құжаттарының есептерін жүргізуді және олардың талапқа сай сақталуын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізді.
Одан әрі комиссия өз жұмысында облыстың келесі мекемелерімен кәсіпорындары ұсынған құжаттарын қарап шешімін берді, олар: ғылыми-техникалық өңдеу жұмысының қорытындысы бойынша «АлТим» құрылыс фирмасы» ЖШС, «Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ, істер номенклатурасының қарау қорытындысы бойынша: «Орал қалалық қаржы бөлімі» ММ.
Келесі СТК –ның отырысы жұмыс жоспарына сәйкес 2016 жылдың 29 шілде күні өтеді.
Ведомстволық мұрағаттармен жұмыс бөлімі