Орал облыстық партия комитетінің соңғы хатшысы, мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат Нажамеден Ихсанович Искалиевтің өмірі мен қызметіне қатысты құжаттардың электрондық көрмесіне орналастыруға жататын құжаттар тізімі(02.05.2017)

Орал облыстық партия комитетінің соңғы хатшысы, мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, Астрахань облысының Краснояр ауданы Байбек селосының тумасы Нажамеден Ихсанович Искалиевтіңөмірі мен қызметіне қатысты құжаттардың электрондық көрмесін ұсынамыз.
Нажамеден Ихсанович Искалиев 1941 жылы 5 қыркүйекте Астрахань облысының Краснояр ауданы Байбек селосында дүниеге келді. Әкесі Искалиев Ихсан, 1905 ж. дүниеге келген. Анасы Искалиева Асима, 1915 жылы дүниеге келген.
1954 жылы Байбек жетіжылдық мектебін бітіргеннен кейін Астрахань педагогикалық училищесіне оқуға түсіп, осы оқу орнын 1958 жылы аяқтайды.  1958-61 жылдары Астрахань облысы Краснояр ауданының Байбек сегізжылдық мектебінде мұғалім болып қызмет атқарды.
1961 жылдан бастап 1966 жыл аралығында Қазақ ауыл шаруашылық институтының агрономиялық факультетінде (Алматы қ.) оқыды.
1966 жылдан бастап 1967 жыл аралығында агроном-тұқым өсіруші, 1967 жылдан бастап 1972 жыл аралығында Орал облысы Жәнібек ауданының «Талов» кеңшарында бас агроном болып қызмет атқарды.
1966 жылдың тамызынан бастап КОКП мүшесі.
1972 жылы Қазақстан Компартиясы Орал облыстық комитеті оны Жәнібек ауданы ауыл шаруашылық басқармасының бастығы, 1974 жылы – облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының бірінші орынбасары етіп тағайындады. 
1978 жылы Мәскеу қ. қайта ұйымдастырылған КСРО Халық шаруашылығы академиясының тыңдаушысы болып ұсынылды. 1980 жылы оқуын аяқтағаннан кейін, Қазақстан Компартиясы ОК оны Талдықорған облысына жолдап, ол жерде 3 жыл облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы, 2 жылдан астам Қазақстан Компартиясы Талдықорған аудандық комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет атқарды. 1985 жылдың қарашасында Орал облысына жолданып, облыстық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары – Облыстық аграрлық-өнеркәсіптік бірлестік кеңесінің төрағасы болып қызмет атқарды.
Жолдасы Таужанова Рысты – агроном-жеміс-көкөніс өсіруші. Ұлдары – Гани, Гали, Нуркен.
Осы көрмені дайындау барысында негізгі дереккөз ретінде «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты» КММ-дегі №П-37 «Қазақстан Компартиясы Орал облыстық комитеті» қорындағы   Нажамеден Искалиевтың жеке ісіндегі құжаттар пайдаланылды.
Көрменің негізгі мақсаты: Орал облыстық партия комитетінің соңғы хатшысы, мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, Астрахань облысының Краснояр ауданы Байбек селосының тумасы Нажамеден Ихсанович Искалиевтің өмірбаяны мен еңбек жолын оқырман қауымға таныстыру.
Міндеттері:
- өлке тарихын зерттеудің дереккөзі ретінде мұрағаттық құжаттарды ұсыну;
- Жерлесіміз Искалиев Н.И. өмірбаянымен таныстыру;
- өлке тарихына құрмет сезімін қалыптастыру.
     Көрме келесі бөлімдерден тұрады:
1. Өмірбаяндық мәліметтер
 

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel