Атақты қоғам қайраткері, ғалым, журналист Энгельс Габбасович Габбасовтың туғанына 80 жыл толу құрметіне жеке тектік қорына жататын құжаттар тізімі(22.05.2017)

Атақты қоғам қайраткері, ғалым, журналист Энгельс Габбасович Габбасовтың туғанына 80 жыл толу құрметіне Сізге оның өмірі мен қызметіне қатысты құжаттардың электрондық көрмесін ұсынамыз.
Габбасов Энгельс Габбасович 1937 жылы Батыс Қазақстан облысының Жалпақтал поселкесінде ұжымшар мүшесінің отбасында дүниеге келді. Әкесі – Есетәлиев Ғаббас (1890 – 1972) «Қызыл партизан» кеңшарында ферма меңгерушісі болды, Молотов атындағы ұжымшардың, ал сонан соң Карл Маркс атындағы ұжымшардың төрағалығына сайланды. Араб жазуын меңгерген, халық аңыздары мен әпсаналарын жақсы білген. Анасы – Есетәлиева Балапаш үй шаруасымен айналысқан, тілге шешендігімен көзге түскен.
Орта мектепті тәмәмдағаннан кейін Э.Ғаббасов 1953 жылы А.С.Пушкин атындағы педагогика институтына оқуға түседі. Институтты бітіргеннен кейін Башқұртстанның және Белоруссияның авиациялық бөлімдерінде мерзімді әскери қызметін өтейді.
Э.Ғаббасов 1966 жылы Алматы жоғары партия мектебінің журналистика бөлімшесін, 1976 жылы – СОКП Орталық Комитетінің жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясының аспирантурасын бітірді. Ол – филология ғылымдарының кандидаты, доцент атағы бар.
Энгельс Ғаббасовтың еңбек, қоғамдық және шығармашылық қызметі Батыс Қазақстанмен байланысты. Туған ауданының бірқатар мектептерінде мұғалім болып жұмыс істеді, сонан соң Орал облыстық партия комитетінің аппаратына ауыстырылды, онда идеологиялық жұмысты жоғары оқу орындарындағы оқытушылықпен қатар атқарды.
Кеңестік кезеңнен кейінгі уақытта Э.Ғаббасов саясатқа белсене араласты, «Қазақстан халық бірлігі одағын» құруға қатысушылардың бірі болды. Қазақстан халықтары Ассамблеясы кеңесіне сайланды.
1994 жылы Энгельс Ғаббасов мемлекеттік тізім бойынша XIII шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің, ал 1997 жылы – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды.
Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде 1999 жылғы 10 қаңтардағы сайлауға қатысты.
2000 жылы Нобель сыйлығына үміткер болды.
1997 жылы Меккеге барды.
Энгельс Ғаббасов – оннан астам повестер мен әңгімелер жинағының авторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қазақ «Пенклубының» мүшесі.
Табиғатты қорғау – Энгельс Ғаббасовтың қоғамдық және депутаттық қызметінің басым бағыты. Ол «Капустин яр» жүйесіндегі әскери-сынақ полигонын және «Азгир» атом полигонын жабу үшін белсенді әрекет етеді.
Энгельс Ғаббасов «Құрмет белгісі» орденімен және төрт медальмен наградталған. Белсенді қоғамдық және шығармашылық қызметі үшін оған «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. Сүйікті ісі – ауа райын болжау. Суда жүзуді ұнатады.
Осы көрмені дайындау барысында негізгі дереккөз ретінде «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» КММ-дегі №П-538 қорындағы Энгельс Габбасовтың жеке ісіндегі құжаттары пайдаланылды.
Көрменің негізгі мақсаты: Атақты қоғам қайраткері, ғалым, журналист Энгельс Габбасович Габбасовтың туғанына 80 жылтолуынаорай өмірбаяны мен еңбек жолын оқырман қауымға таныстыру.
Міндеттері:
- өлке тарихын зерттеудің дереккөзі ретінде архивтік құжаттарды ұсыну;
- Жерлесіміз Габбасов Э. өмірбаянымен таныстыру;
- өлке тарихына құрмет сезімін қалыптастыру.
           Мемлекеттік архивке сақтауға 12 сақтау бірлігінен құралған жеке тектік құжаттары қабылданды. Олардың құрамында өмірбаян, жеке құжаттары, марапаттаулар, мақтау қағаздары, алғыс хаттар, адресаттар, қоршаған ортаны және экологияны қорғау мәселелері жөнінде құжаттар, ҚР Парламенті Сенатындағы жұмысы туралы, шығармаларының қолжазбалары, Э.Г.Габбасовтың мерзімді баспасөздегі жарияланымдары, Э.Г.Габбасовтың очерктері, мақалалары, Э.Г.Габбасов туралы мақалалар, фотосуреттер.
 

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel