Ауыл шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкері Сагин Кенжебаевтың туғанына 95 жыл толу құрметіне жеке тектік қорына жататын құжаттар тізімі(15.06.2017)
Ауыл шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкері Сагин Кенжебаевтың туғанына 95 жыл толу құрметіне Сізге оның өмірі мен қызметіне қатысты құжаттардың электрондық көрмесін ұсынамыз.
Кенжебаев Сагин Кенжебаевич 1922 ж. 15 наурызда Батыс Қазақстан облысының Ордан ауданы Азгир ауылында колхозшы отбасында дүниеге келді.
Содан соң Сагин Кенжебаевичтың тағдыры Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданымен байланысты болды.
1935 ж. бастап 1938 ж. дейін Қараоба ОМ оқып, 7 класс аяқтады.
1938 ж. бастап 1941 ж. желтоқсан айына дейін «Жана-Тан» колхозында колхозшы болып жұмыс істеді.
1941 ж. желтоқсан айынан бастап 1945 ж. қазан айына дейін Кеңес армиясы қатарында болды. Отан соғысының майдандарына қатысты, тұтқынға түспеген. 1945 ж. қазан айынан бастап КОКП мүшесі.
Ұлы Отан соғысы жылдары Орталық, 1-ші Белорус майдандарының Бобруйск-Берлин дивизиясының атқыштар бригадасының миномет дивизиясының барлаушысы болып соғысқа қатысты. Бірнеше рет жараланды, бірақ ылғи сапқа қайта оралды. Әскери марапаттары бар.
1946 жылдың наурыз айынан бастап аудан колхоздарында колхоз төрағасы болып қызмет атқарды.
Партиялық жазасы болған жоқ. Үкіметтік марапаты – 1956 жылы Тың жерлерді игергені және мемлекетке астық тапсырғаны үшін Ленин ордені, Қызыл жұлдыз ордені және Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін үш медалі бар.
1949 жылы колхоз төрағаларын қайта даярлау курсын аяқтады.
Теректі ауданының Сталин ат. колхозының басқарма төрағасы болып қызмет атқарды.
1947 жылдан бастап Теректі ауданында басшы шаруашылық қызметте жасады: «Жана-Тан», Жамбыл атындағы, «Путь к коммунизму», Амангелді атындағы колхоздардың төрағасы, ал 1960 жылдан бастап 1988 жылдың ақпан айына дейін «Красный Октябрь» колхозының төрағасы болып қызмет атқарды. «Красный Октябрь» колхозы оның басшылығымен экономикалық жағынан ең табысты шаруашылықтардың біріне айналды, алуан-түрлі халық шаруашылығы жетістіктері көрмелеріне белсенді түрде қатысты. Күнделікті аптаның жұмыс күндерінде Сагин Кенжебаевич диқандар және механизаторлардың өскелең ұрпағын тәрбиелеуді ұмытқан жоқ, әрдайым бұлақтай тасыған өмірдің ортасында болды.
1964 жылы Орал ауылшаруашылық техникумын агроном мамандығы бойынша бітірді.
Кенжебаев С. ауданда қызмет атқарған кезінде өзін адамдармен жұмыс істеу үлкен тәжірибесі бар ауыл шаруашылық өндірісін қабілетті ұйымдастырушы ретінде көрсетті. Ылғи да орта буын мамандар мен басшыларға өзінің бай тәжірибесін бере отырып, үлкен, жетекшілік жұмыс атқарды.
Кенжебаев Сагин Кенжебаевич аудан мен облыстың қоғамдық өміріне жігермен қатысты. Халық депутаттары аудандық кеңесінің депутаты, партия аудандық комитетінің мүшесі, Қаз.КСР Жоғарғы Кеңесі депутаты болып сайланды, КОКП 24-съезінің делегаты болды.
Кенжебаев С.К. жауынгерлік еңбегі үшін бірнеше рет: алты орденмен, медальдармен, белгілермен марапатталды. Құрмет грамоталары, Қазақстан Республикасының және облыстың бірінші басшыларының өз қолдары бар құттықтау хаттары бар.
Алты бала тәрбиелеп өсірген.
Осы көрмені дайындау барысында негізгі дереккөз ретінде «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» КММ-дегі №П-539 қорындағы Сагин Кенжебаевтың жеке ісіндегі құжаттары пайдаланылды.
Көрменің негізгі мақсаты: Ауыл шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкері Сагин Кенжебаевтың туғанына 95 жылтолуынаорай өмірбаяны мен еңбек жолын оқырман қауымға таныстыру.
Міндеттері:
- өлке тарихын зерттеудің дереккөзі ретінде архивтік құжаттарды ұсыну;
- Жерлесіміз Кенжебаев С. өмірбаянымен таныстыру;
- өлке тарихына құрмет сезімін қалыптастыру.
Мемлекеттік архивке сақтауға 13 сақтау бірлігінен құралған жеке тектік құжаттары қабылданды. Олардың құрамында өмірбаяндық мәліметтер, ордендердің куәіктері, медальдердің және белгілердің куәліктері, Қаз.КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты С.К.Кенжебаевтың құжаттары, «Теректі ауданының Құрметті азаматы» куәлігі, грамоталар, алғыс хаттар, құттықтау хаттар және құттықтау жеделхаттар, Сагин Кенжебаевтың қоғамдық қызметі туралы плакаттар, С.Кенжебаевқа берілген қазақстандық жазушылардың авторларының жеке сыйға тарту қолдары бар кітаптары, мақалалар, Кенжебаев Сагин туралы жарияланымдар, 1941-45 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 60 жылдығына арналған бейнефильм, фотосуреттер.