Қазақстан жазушылар одағы орал бөлімшесі басқарма төрағасы, Батыс Қазақстан облысының Красноармейск ауылының тумасы Корсунов Николай Федоровичтың туғанына 90 жыл толу құрметіне жеке тектік қорына жататын құжаттар тізімі(22.09.2017)

Қазақстан жазушылар одағы орал бөлімшесі басқарма төрағасы, КСРО жазушылар одағы мүшесі, Батыс Қазақстан облысының Красноармейск ауылының тумасы Корсунов Николай Федоровичтың туғанына 90 жыл толу құрметіне Сізге оның өмірі мен қызметіне қатысты құжаттардың электрондық көрмесін ұсынамыз.         
              Николай Корсунов 1927 жылы 20 желтоқсанда Орал облысының  Приурал ауданы Красноармейск ауылында дүниеге келді. Балалық және жасөспірім шақтары осы ауданның Чесноков хуторында өтті. Сол жерде мектепте оқып, комсомолға енді. Соғыс оқуды бұзды. 1941-1942 жылдары колхозда әр түрлі жұмыстарда жасады, 1943 жылы Январцев МТС трактор жүргізушісі болды /ол Гевченко атындағы колхозға қызмет етті/, 1944 жылы – трактор бригадасының бригадирының көмекшісі болды. Сол жылдың күзінде оны әскери қызметке жарамсыз деп таныған медициналық комиссияны алдап, әскер қатарына кетті. Мергендер мектебінде оқып, бірақ негізгі қызметін Қызыл тулық Балтфлоттың кемелерінде өткізді.
               Флот газеттерінде 1947 жылдан бастап басылды, бірінші әңгімесі  «Начало дружбы» газетте 1949 жылы басылды. Демобилизациядан кейін қысқа уақыт ДОСААФ облыстық комитетінде жұмыс жасады, ал 1950 жылғы жаздан бастап – Орал облыстық радиокомитеттің корреспонденті болып жасады. 1952-1956 жылдары – «Ленинская смена» республикалық жастар газетінің Қазақстанның Батысы бойынша корреспонденті. Тың игеру жылдарында (1956-1961 гг.) Бөрлі аудандық газетінің редакторы болды, сол жерде, Бөрлі ауылында,  «Подснежники» романы және «Родник рождает реку» повесті жазылып, сәйкесінше «Молодая гвардия» және «Жазушы» баспаларында шықты.
                1961 жылдан 1965 жылдар аралығында «Казахстанская правда» газетінің Орал облысы бойынша корреспонденті болды. 1965 жылдан бастап – Қазақстан Жазушылар одағының Орал облысаралық бөлімшесінің жауапты хатшысы болды.   1955 жылдан КОКП мүшесі. Партияның Бөрлі аудандық комитетінің бюро мүшесі, аудандық комитет мүшесі, Бөрлі аудандық кеңесінің депутаты болып сайланды. Орал қалалық кеңесінің депутаты, Партияның Орал қалалық комитетінің мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма мүшесі, «Простор» журналының редколлегия мүшесі.
                «Подснежники», «Где вязель сплелась» романдарын (жеке кітап ретінде), «Родник рождает реку», «Мы не прощаемся», «Несносный характер», «Мирный город», «Онина свадьба» повестерін, «Штурман с «Застрельщика» әңгімелер және очерктер кітабын, «Встречи с Шолоховым» кітабын басып шығарды. Театрларда оның «Жизнь прожить...» және «Онина свадьба» пьесалары қойылды. 1982 жылы «Простор» журналы №№6-9 нөмірлерінде оның «Высшая мера» романын жариялады. «Урал» журналының 1983 жылғы №5 нөмірінде  «Прошу руки вашей дочери» повесті жарияланды.
                 Кешкі мектепті және Орал пединститутының бір курсын бітірді (сырттай). Медальдары, КСРО Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы, БЛКЖО ОК үш Құрмет грамотасы бар.
Осы көрмені дайындау барысында негізгі дереккөз ретінде «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» КММ-дегі №93 қорындағы Корсунов Николай Федоровичтың жеке ісіндегі құжаттары пайдаланылды.
Көрменің негізгі мақсаты: Қазақстан жазушылар одағы орал бөлімшесі басқарма төрағасы, КСРО жазушылар одағы мүшесі, Батыс Қазақстан облысының Красноармейск ауылының тумасы Корсунов Николай Федоровичтыңтуғанына 90 жыл толуынаорай өмірбаяны мен еңбек жолын оқырман қауымға таныстыру.
Міндеттері:
- өлке тарихын зерттеудің дереккөзі ретінде архивтік құжаттарды ұсыну;
- Жерлесіміз Корсунов Н. өмірбаянымен таныстыру;
- өлке тарихына құрмет сезімін қалыптастыру.
     Көрме келесі бөлімдерден тұрады:
1. Өмірбаяндық мәліметтер
 

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel