Кеңес Одағының Батыры, Батыс Қазақстан облысының тумасы Григорий Иванович Чумаевтің туғанына 100 жыл толу құрметіне жеке тектік қорына жататын құжаттар тізімі (15.12.2017)
Чумаев Григорий Иванович 1917 жылы Батыс Қазақстан облысы Приурал ауданы Кирсаново ауылында дүниеге келді. 1921 жылы әкесі, ал 1962 жылы анасы қайтыс болды. Ағасы Чумаев Николай Иванович Орал қаласында еңбек етті, апасы Карпова Ксения Ивановна Фрунзе қаласында тұрды.
Кеңес Армиясы қатарына шақырылғанға дейін Петров атындағы колхозда (бұрынғы «Красный Октябрь») тұрды. 1942 жылдың мамырынан тракторшы болып жұмыс жасады.
1942 жылдың тамызында Г.И. Чумаев Кеңес Армиясы қатарына шақырылды.
1945 жылы қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылды.
Колхозда әйелі Таращанская (Чумаева) Мария Артемовна және 1943 жылғы қызы Чумаева Нина Григорьевна қалды.
Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінде № П36 және П37 қорларындаЧумаев Григорий Ивановичтің өміріне қатысты құжаттар сақталуда. Олар: ерлігі туралы сипаттама, мақтау қағазы, Орал облыстық атқару комитеті жанындағы архив бөлімінің батыр отбасының тұрғылықты жері және жұмыс орны туралы сұраған сауалына Приурал ауданы Петров атындағы колхоз төрағасының Приурал аудандық кеңесі атқару комитетіне жазған жауап хаты.