Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тумасы Архив қызметінің ардагері Горожанкина Мария Васильевнаның туғанына 110 жыл толу құрметіне жеке тектік қорына жататын құжаттар тізімі (19.02.2018)

Батыс Қазақстан облысы  Орал қаласының тумасы Архив қызметінің ардагері Горожанкина Мария Васильевнаның туғанына 110 жыл толуына орай  өмірі мен қызметіне қатысты құжаттардың электрондық көрмесін ұсынамыз.
Горожанкина Мария Васильевна Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында 1908 жылдың 5 наурызында  жұмысшы отбасында дүниеге келген. Әкесі жұмысшы слесарь, анасы үй шаруасымен айналысқан.
 1929-1933 жылдары Кешкі жұмысшылар мектебінде  оқыды.1933-1937 жылдары Алматы қаласының Калинин атындағы жоғарғы оқу орнын  оқып бітірді.
1923-1926 жылдары  Тігін және тігу мектебінде оқушы, тігінші .
1927-1930 жылдары  Еңбек биржасының жолдауымен, уақытша жұмыстар жасады.
1930-1934 жылдары  Ет комбинатында бастырушы болды.
1937-1938 жылдары  Мұражай инспекторы.
1938 жылдың шілде айынан бастап үлкендер мектебінің инспекторы болып тағайындалады.  1939 жылдан бастап білімсіздік пен сауатсыздықты жою инспекторы.
1939-1940 жылдары  Батыс Қазақстан облысының атқарушы комитетінде қоғамдық қазақстан тарихын нұсқаушысы міндетін атқарды.
1940 жылдың шілде айынан  облыс аралық комсомоль курс насихаттаушылардың басқарушысы. 1940 жылдың қазан айынан бастап Батыс Қазақстан облыстық жұмысшылар депутаттарының адам ресурстар жөніндегі нұсқаушысы болып тағайындалды.
1944-1968 жылдары Облыстық еңбекшілер кенесінің архивтік бөлімінде аға инспектор, архив мекемесінің директоры болды. 1968 жылдан зейнеткерлікке шықты.         
    Горожанкина архив саласында өзін жақсы іскер жұмысшы және ұйымдастырушы ретінде таныта білді. Облыстық архив мекемесі көптеген мекемелердің құжаттарын жинақтап, үкімет сақтауына тапсырып,оларды ғылыми, экономикалық, насихаттаушылық мақсатта пайдаланды. Архив саласының жеткен жетістіктеріне Горожанкина басшылық іскерлігін көрсете білді. 1969 жылдары Орал облысының архив мекемелері республикада алдыңғы қатарлардан  көрінді.
Көп жылдар бойғы жемісті еңбегі үшін Горожанкина  Қазақ Социалистік Одақтар Республикасының «Құрмет» грамоталарымен  және «Үздік еңбек» «Ерең Еңбегі үшін» « Ленинің туғанына 100-жыл» « Германияны жеңген үшін» «  Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталды.
       Осы көрмені дайындау барысында негізгі дереккөз ретінде «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» КММ-дегі №П-890  қорындағы   Мария Горожанкинаның жеке ісіндегі құжаттар пайдаланылды.                       
            
    Көрменің негізгі мақсаты: Орал облысының архив саласының еңбек сіңірген қызметкері Мария Горожанкинаның туғанына 110 жыл толуына орай өмірбаяны мен еңбек жолын оқырман қауымға таныстыру.
Міндеттері:
- өлке тарихын зерттеудің дереккөзі ретінде архивтік құжаттарды ұсыну;
- Жерлесіміз Горожанкина М. өмірбаянымен таныстыру;
- өлке тарихына құрмет сезімін қалыптастыру 
 
 

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel