ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ АРХИВІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ 2019 ЖЫЛДЫҢ 18-19 ҚАЗАН АЙЫНДА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА «ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ АРХИВ ІСІ: МӘСЕЛЕЛЕР, ТӘЖІРИБЕЛЕР, ИННОВАЦИЯЛАР» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

     Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен Жаңа тарих Орталық мемлекеттік архивінің негізінде құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві 25 жылдық мерейтойын атап өтті.
  Архивтің 25 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралардың бірі ретінде «Қазіргі кезеңдегі архив ісі: мәселелер, тәжірибелер, инновациялар» тақырыбындағы II халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Конференция 17-18 қазанда өтті. Оның жұмысына Қазақстан, Қырғызстан, Польша, Ресей және Өзбекстан мемлекеттерінің архив ісіндегі жетекші сарапшылар мен тәжірибелі мамандар қатысты.
  Аталған конференцияға Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік архивінің директоры Савгабаева Айжан Нургалиевна қатысып, «Архив құжаттарының электрондық сақтау формаларын енгізу тәжірибесінен» атты баяндама оқыды. Баяндамада Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік архиві «Құжаттардың электрондық архиві» ақпараттық жүйесіне көшіп, архив қорындағы қағаз құжаттар біртіндеп электрондық нұсқаға ауыстырылып жатқаны, сонымен қатар алғаш болып Қазақстанда зерттеушілердің оқырман залына келмей, үйде отырып, интернет желісіне қосылған жеке компьютер арқылы архив құжаттарына онлайн-түрде қол жеткізіп, жұмыс істеуге мүмкіндік алып отырғандығы туралы айтылды.
ff1b94e8 26ad 4744 a1aa 916a74c3fdf8
 
e945c1a9 fd93 4aed 8db7 13c551b8a9c7

 

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel