2014 жылдың 25 қарашадағы тізімдемелерді жетілдіру жұмыстарының жағдайы туралы
Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының мұрағат қоймасында Батыс Қазақстан облыстық халыққа білім беру бөлімі №786 қоры бойынша жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. №786 қорда жалпы 6860 сақ.бірлігі бар, соның ішінде 3000 сақтау бірлігі, яғни 1930 жылдан 1970 жылға дейінгі құжаттар қаралды.
Жетілдіру жұмыстары кезінде әрбір істің ішіндегі құжаттардың құндылығына сараптама жасалып, жыл – жылға бөлінді. Сонымен қатар, бірнеше құжат бір істің ішінде болса, онда оларды ажыратып, жаңа іс қалыптастырылды. Әрбір істің тақырыптарыда түзетілді. №786 қор облыстық халыққа білім беру бөлімінің 1930-1970 жылдардағы істері көбіне ведомостволық мекемелердің сметалары, ауылды, аудандық мектептермен балалар үйінің жылдық оқу жоспарлары және есептері, жоспарлардың орындалуы жөніндегі жылдық есептері, тексеру актілері, облыс бойынша мектеп жүйесінің дамуы туралы материалдары.
Әр іс жеке алынып, қайта нөмірленіп, ішкі тізімдемесі мен растау парағы салынып, түптеліп, жаңартылып, тігіліді. Қор құжаттарын жетілдіру жұмыстары одан әрі істердің электронды ішкі тізімдемесін жасаумен жалғасады.
Мұрағат қоймасының меңгерушісі Ж.Өтешева
25.11.2014 жыл
Мұрағат қоймасының қызметкерлері тізімдемелерді жетілдіру барысында
Қ.Шканов пен К.Тасанова: істерге ғылыми сараптама жүргізуде, істерді ажырату, қайтадан қалыптастыру, сырттарын жаңарту және тігумен айналысуда.
Ж.Өтешова мен Н.Джасенова: істердің ішкі тізімдемелері мен аударма кесетелерін тұрғызу барысында.