Веб-сайттардың байқауына қатысу қорытындылары
2014 жылдың шілде айында мұрағат веб сайтын «AWARD.kz 2014 Ұлттық интернет-сыйақысы» байқауына қатысу үшін өтінім жасады. Байқау 2014 жылдың мамыр – қараша аралығында екі кезеңде өтті.
Бірінші кезеңде бағаны қазақстандық сарапшылар берді, олар келесі 2-ші турға қатысуға лайықты 10 үздік сайттарды таңдады. Екінші кезеңде таңдалған 10 сайттарды арасынан үш үздік сайтқа 1,2,3 орындар берілді. Оларды халықаралық сарапшылар бағалаған болатын.
Бірінші кезеңнің нәтижесі бойынша облыстық мұрағаттың веб-сайты 2-ші турға өтті. Сөйтіп, «AWARD.kz 2014 Ұлттық интернет-сыйақысы» байқауының нұсқасына сай қазақстандық сарапшылардың бағалуымен біздің сайт «Билік және өзін-өзі басқарау органдары» номинациясы бойынша қазақстандағы ең үздік сайттардың ондығына кірді. Сонымен қатар, арнайы «Үздік екі тілдегі сайт» номинациясына үміткер ретінде ұсынылдық.
Бағалау келесі параметрлар бойынша жүргізілген - дизайн, мазмұны, интерактивтігі, мемлекеттік тілдегі мазмұны мен интерактивтігі, функционалдығы мен технологиялығы.
Құрметті әріптестер, бәріңізді сәтті бастамамен құттықтаймыз!
Зерттеушілермен жұмыс және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы А.Искакова
08.12.2014 жыл