БҚО мемлекеттік мұрағатының және Жалпақтал мен Сырым аудандық филиалдарының ведомстволық мұрағаттарымен жұмыс бөлімдерінің 2014 жылы атқарылған жұмыстарынын қорытындысы

Күні бүгін БҚО мемлекеттік мұрағатының және Жалпақтал мен Сырым аудандық филиалдарыныңесебінде мұрағат қорынның толықтыру көздері ретінде 433 мекемелер мен кәсіпорындар енгізілген, бұл жұмыстар тікелей мұрағаттын ведомстволық мұрағаттармен жұмыс бөлімі арқылы жүзге асады. 2013 жылы осы мұрағат қорының толықтыру көздеріне інгізілген мекемелерді реттеп отыру үшін арнайы «электронды база» жасақталған болатын. Бұл база арқылы мекемелерді тіркеу, сала бойынша реттеу, толықтыру мен кері шығарып тастау жұмыстары өткізіліп отырылады. Ведомстволық мұрағаттармен жұмыс бөлімінің негізгі қызмет түрі ретінде мекемелердің істер номенклатурасын жасақтауына көмек көрсету болып табылады. 2014 жылдың қорытындысы бойынша 93 істер номенклатурасы СТК шешімімен бекітілді.  Ведомстволық мұрағаттармен жұмыс бөлімінің қызметкерлері ұйымдармен мекемелердің мұрағатшыларына құжаттардың құндылығына сараптама жүргізуіне және тұрақты, жеке құрам, уақытша 10 жылдан жоғары істер, сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы акт, тарихи анықтама құрастыруға әдістемелік-тәжірибелік көмек көрсетіп келеді. Өткен жылы барлығы 47 тізімдемелер және 121  жуық ВМ және СК туралы ережелер СТК-мен келісілді.
Ведомстолық бөлімнің тағы бір негізгі қызметінің бірі, ол мекемелермен ұйымдардың мұрағатшыларына әдістемелік-тәжірибелік көмек көрсету болып табылады. 2014 жылы 1312 мекемелермен ұйымдардың мұрағатшыларына жеке әдістемелік – тәжірибелік көмек көрсетті. Тағы бір әсерлі шара болып табылатын ол семинар-кенестер ұйымдастырып өткізу, сондықтан сонғы үш  жылдар аралығында 20 семинар-кеңес өткізілді, олар әр-түрлі салалар бойынша қызмет атқаратын мекемелер мен кәсіпорындарды қамтыды: білім, денсаулық, әлеуметтік, банк, экономика, жеке кәсіпкерлер, ауыл шаруашылғы, қоғамдық ұйымдар. Семинар-кеңестердің мақсаты, іс-жүргізушілер мен мұрағатшылардың іс-қағаз жүргізудегі біліктілігін арттыру. 2014 жылдын 17 қарашасында БҚО бойынша жаңадан құрылған кәсіпкерлер палатасынын ұсынысы негізінде облыстын ірі кәсіпкерлеріне арнап жоспардан тыс семинар –кенес өткізілді, бұл шараға 20 бизнес өкілдері қатынасты. Жалпы былтыр осы бағытта 9 семинар-кенес дайындалып өткізіліп жалпы 200 жуық мұрағат және іс-жүргізу мамандары қатынады. Биылғы жылы семинарлардың санын 12-ге дейін, яғни әр ай сайын өткізуге жоспарлап отырмыз.
Сонымен қатар мұрағат қызметкерлері ведомствовалық мұрағаттарды үнемі түрде тексеріп әдестемелік көмек көрсетіліп келеді, атап айтқанда тек өткен жылдың өзінде 62 мекеменің мұрағаттары тексеріп-көрумен қамтылды.  Айта кету керек, мұрағат саласындағы қолданылатын заннамаларының талабының біреуі бұл мекемелер мен кәсіпорындарда міндетті түрде ведомстволық мұрағаттардың болуы мен қызмет жасауы, ал кәзіргі таңда бұл мәселе тек 40-45% ғана шамасында қамтылған.
Мұрағат қызметкерлері сонымен қатар шығармашылық жұмыстарымен де айналысып келеді, мысалы күні бүгін 15 жуық әдістемелік ұсынымдар, басылымдар мен мақалалар дайындалды.

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel