БҚО мемлекеттік мұрағаты Сырым филиалы бойынша 2014 жылы атқарылған жетілдіру жұмыстары туралы мәлімет
Жоспар бойынша 2014 жылы үш қордың тізімдемелері жетілдіріліп, құжаттарына ғылыми-техникалық сараптау жұмыстары жүргізілді: олар, № 28 қор (Жымпиты аудандық мал дайындау пункті-98 с.б.), №29 қор (Қаратөбе аудандық мал дайындау пункті-18 с.б.), № 30 қор (Жымпиты аудандық тұтынушылар одағы-1008 с.б.).
Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қорғау-сақтау шараларының кешені, құжаттарды шаңнан тазарту, өңдеу, мұқабалау, картондау жұмыстары жүзеге асырылды.
Нәтижесінде, қорлардың көлемі мен құрамындағы өзгерістер туралы мәліметтер, қор карточкалары, қор парақтары жасалды.
Қорларға кең көлемде тарихи анықтамалар жаңадан жасалды, онда мекеменің тарихы, жабылуы, қайта құрылуы, құрылымы, қызмет көлемі, құжаттардың құрамы мен мазмұны көрсетілді.
№ 28 қор бойынша: барлығы 94 с.б. болды, ғылыми-техникалық сараптау жұмыстары нәтижесінде 8 іс ажыратылды, 5 іс жоюға бөлінді, 1 іс болып ескі тізімдемелері енгізілді, барлығы қор бойынша 98 с.б. жаңадан жасалған тізімдемеге енгізілді;
№29 қор бойынша: барлығы 14 с.б. болды, 3 іс ажыратылды, 1 іс болып ескі тізімдемелері енгізілді, барлығы қор бойынша 18 с.б. есепке алынды;
№30 қор бойынша: барлығы 653 с.б. болды, 24 іс біріктірілді, 159 іс ажыратылды, 1 іс болып қордың ескі тізімдемелері енгізілді, барлығы қорда 1008 с.б. есепке алынды.
Құжаттар жаңа мұқабаға тігіліп, нөмірленіп, қорытынды жазбалары жазылды, барлық тиісті деректемелері талапқа сәйкес ресімделді.
Тізімдемелер, жетілдіру акттері, тарихи анықтама, қор кәртішкелері мемлекеттік тілде жасалды.
Үш қор бойынша 154 жаңа бума, 154 жаңа жапсырма жасалды.
Ғылыми-техникалық өңдеу жұмыстарын жасаған қызметкерлер:
БҚО мемлекеттік мұрағаты
Сырым филиалының директоры А.А.Шильмуханова
Мұрағатшы Р.В.Галиаскаров
Кіші қызметкер Т.К.Амангалиева
БҚО мемлекеттік мұрағаты
Сырым филиалының директоры
А.А.Шильмуханова
09.01.2015 ж