Батыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының БҚО мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жалпақтал филиалыныңдағы 2014 жыл ішіндегі атқарылған жұмыстары туралы.

Хабарлама
1.Ұйымдастыру жұмыстары
Жыл ішінде филиал ұжымы материалдық базаны нығайту, кеңсе айналасын абаттандыру, орг техникаларды жөндеу, жыл басында қаралған қаржы көлемінде кеңсе товарларын алу, іс-сапарға қаралған қаржыны үнемді жұмсау, мемлекеттік сақтауда тұрған құжаттарды шаң тозаңнан арылту жұмыстарын жүзеге асырды.
Социалистік Еңбек ері К.Мендалиевтың 100 жылдық, Кеңес одағының батыры А.Хусайновтың 90 жылдық мерейтойларына орай ғылыми – практикалық конференциялар оздырылды.
Электрондық мұрағат базасын толықтыру жұмысы жалғасуда. Жалпақтал филиалының жаңа ережесі даярланып, Казталов ауданының Әділет басқармасына тіркелді, «Орал Секьюрити Сервис» ЖШС Жалпақтал филиалын күзетуге алды. Газ, электроэнергия есептегіштерінің күн сайынғы көрсеткіштерін тіркеу журналдары жүйелі толтырылып отырады. Жылыту науқаны аяқталысымен жылыту орталығының сигнализаторы  мен газ счетчигі тексерістен өткізілініп алынды.
2. Ұлттық мұрағат қорын жасақтау және сақтау барысын қадағалау.
Осы жылы бұрыннан мемлекеттік сақтауда тұрған 7 (жеті ) қорды, яғни № 70, 71, 72, 73, 74, 75,76  қорлардағы құжаттардың түгелдігін, жай күйін тексеріп, істерді бір жүйеге түсіріп, ғылыми-техникалық өңдеуден өткізілді.
Жоғарыдағы қорлар бойынша 739  іс соның ішінде тұрақты сақталатын 656 іс, жеке құрам жөніндегі 83 іс өнделіп жаңадан 15 (он  бес) тізімдеме жасақталды.
Бұл қорлар бойынша барлығы 715 мұқаба ауыстырылды, 24 мұқаба, 1246 парақ желімделді, 21272  парақ қайта нөмерленді, 75 бума қалыптастырылып, барлығынада жаңадан жапсырмалар жаңартылды.
Осы  қорлар бойынша 158 іс ажыратылып, жетілдірілгенге дейін тұрақты сақталатың 7 (жеті) істің тізімдемесі енгізілді, 7 іс басқа істермен біріктірілді, 3 іс мұрағаттағы басқа қорларға қосылды, және тарихи құндылығы жойған –2 іс іріктелініп алынып, жою актісі толтырылды. 
Осы қорларды өңдеу кезінде құжаттар сақталатын сөрелерден 586 іс алынып, 739 іс қайта орнына қойылды.
Өңдеуден өткен қорларға қайтадан қор карточкалары, СК хаттамалары, ғылыми-техникалық өңдеу жүргізудің актілері толтырылып, тарихи анықтамалар жазылды.
Азаматтардың өтініштерін қанағаттандыру мақсатында қорлар сақталатын сөрелерден 2800 іс алынып, қайта орнына қойылды.
3. Ведомостволық мұрағаттармен жұмыс және тексерулер туралы.
Жоспар бойынша алынған Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Казталов аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 2014 жылға арналған істер номенклатурасы және «Казталов аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының номенклатурасы Батыс Қазақстан облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының сараптау-тексеру комиссиясының хаттамасымен бекітілініп алынды.
Жоспардан тыс:  2013 жылы жоспарға алынған Казталов ауданына қарасты ауылдық округтеріне арналған тұрпатты істер номенклатурасы БҚО мемлекеттік мұрағатынын сараптау-тексеру комиссиясының Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметіне жасалатын үлгілік құжаттар тізбесіне ( Астана-2011ж ) сәйкес келмеуіне байланысты, осы жылдың қаңтар айыныда жанадан жасақталып бекітілуге жіберілді. Сонымен қатар Казталов ауданы № 2 сотының 2014 жылғы 7 ақпан күнгі №3 жолдамасына сәйкес 2014 жылғы істер номенклатурасы ұсынылып аталған екі істер номенклатурасы Батыс Қазақстан облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының сараптау-тексеру комиссиясының хаттамасымен бекітілініп алынды.
Филиалдың дерек көздері болып табылатын №45 қор Казталов ауданы Жаңажол ауылдық округінің: 2006-2010 жылдар аралығындағы тұрақты сақталатын №3 тізімдемеде - 45 іс, 2006-2010 жылдар аралығындағы жеке құрам жөніндегі істердің № 3«ж» тізімдемесіне – 26 іс, №2 «ж» тізімдеме бойынша 2009, 2011 жылдары жұмыстан шыққан қызметкерлердің жеке істері – 5 іс, 2006-2010 жылдар аралығындағы тұрақты сақталатын №4 тізімдемесіне (шаруашылық қітаптары) – 20 іс еңгізілді . Барлығы -96 (тоқсан алты) іс.
№ 2 уақытша сақталатың істердің (10 жылдан жоғары) тізімдемесіне 2008 – 2009 жылдар аралығындағы 2 (екі) сақтау бірлігі енгізіліп, өздерінде сақталуда тұр.
Сонымен қатар № 67 қор «Батыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының БҚО мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  Жалпақтал филиалының  2006-2010 жылдар аралығындағы тұрақты сақталатын № 1 тізімдемеде - 25 іс еңгізілді. Барлығы -25 (жиырма бес) іс.
Сондай –ақ №258 қор «Казталов аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының 2006-2011 жылдар аралығындағы тұрақты сақталатын № 1 тізімдемеде - 104 іс, 2006-2011 жылдар аралығындағы жеке құрам жөніндегі істердің № 1«ж» тізімдемесіне – 28 іс, №2 «ж» тізімдеме бойынша 2006 - 2011 жылдары жұмыстан шыққан қызметкерлердің жеке істері – 20 іс,  Барлығы -152 (жүз елу екі) іс.
Бұл қорларға тарихи анықтамалары жазылып, СК хаттамалары қор карточкалары, қор парақтары толтырылып, осы қорлардың құжаттары мемлекеттік сақтауға  қабылданып, қабылдау актісі толтырылды.
Сондай-ақ №17 қор БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Казталов аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорының 2006-2011 жылдар аралығындағы тұрақты сақталатын № 1 тізімдемеде - 67 іс, 2006-2011 жылдар аралығындағы жеке құрам жөніндегі істердің № 1«ж» тізімдемесіне – 47 іс, №2 «ж» тізімдеме бойынша 2006-2011 жылдары жұмыстан шыққан қызметкерлердің жеке істері – 34 іс. Барлығы 148 с.б.
№2 уақытша сақталатың істердің (10 жылдан жоғары) тізімдемесіне 2006 – 2011 жылдар аралығындағы 110 (жүз он) сақтау бірлігі енгізіліп, 6 бума жасақталып, кәсіпорнында сақталуда тұр.
Бұл қорға тарихи анықтама жазылып, СК хаттамасы, қор карточкасы, қор парағы толтырылды, сақтауға жатпайтын 98 іске жою актісі және тұрақты сақтауға жататын, бірақ табылмаған 14 іске жетіспейтін құжаттар актісі толтырылды. Жетіспейтін құжаттар жөнінде кәсіпорын директоры А.Т.Джунисбековтың түсініктемесі жалғанды. Осы қордың құжаттары мемлекеттік сақтауға  қабылданып, қабылдау актісі толтырылды.
Осы қабылданған қорлар бойынша – 421 (төрт жүз жиырма бір) іс қабылданып, 11 (он бір) тізімдеме жасақталып, тарихи құндылығын жойған 276 (екі жүз жетпіс алты)  іске жою актілері толтырылды.
Жылдық жоспарда көрсетілген  Ахметов Болат Бақтығалиұлының  жеке тектік қорының құжаттарын қабылдап отырмыз.
«Ерен еңбегі үшін» медалінін иегері, ұстаз - Ахметов Болат Бақтығалиұлының өмір деректеріне, медалі, Құрмет граммоталары, ақпарат құралдарына жазылған мақалалары, фотосуреттеріне тізімдеме жасалып, жаңа қор №343 нөмірі беріліп 8(сегіз) сақтау бірлігі 31 (отыз бір)  есеп бірлігі жасақталды.
«Еңбек Қызыл Ту», «Ленин» ордендерінің иегері  «Қазақ ССР –нің еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы шебері» Тукенов Орынгали Тукеновичтің  өмір баяндық құжаттарына, ордендеріне, медальдарына, құрмет грамоталарына, құттықтауларына, куәліктеріне, ақпарат құралдарына жазылған мақалаларына, фото суреттеріне тізімдеме жасалып, жаңа қор № 344 нөмірі беріліп  6 (алты) сақтау бірлігі 43 (қырық үш) есеп бірлігі жасақталды.
Осы қорларға тарихи анықтамалар жазылып, СК  хаттамалары, қор карточкалары, қор парақтары толтырылды.
4. Құжаттарды пайдалану
Есепті мерзім ішінде мұрағатқа келіп түскен жеке және заңды тұлғалардан арыз-шағымдар талапқа сай журналдарға тіркеліп, уақтылы өтініш иелеріне жауап беріліп отырылды. Мерзімінен асырылып орындалған арыз-шағымдар болған жоқ.
Жыл ішінде барлығы 404 сұраныс түсіп, соның  322-не  қанағаттанарлық баға берілді.
Өтініштер мен сұраныстардың толық мәліметтерін арнайы нысанға толтырып,  жіберіп отырмыз.
«Жеке және заңды тұлғалар» өтініштерін қарау туралы № 1 ОЛ нысан әр айдың соңғы күні мемлекеттік құқықтың статистика бөліміне сандық мәліметтер күн сайын ұлғаю негізінде электрондық почта арқылы беріліп отырылады.
Мамыр, маусым айларында мұрағат құжаттарын пайдалану тарихи құндылықты зерттеу жұмыстарымен Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің қызметкері Ильясов Күншығар Қалымбаевич Жаңақала ауданының білім беру бөлімі жанынан  ұстаздарға арналған мұражай  ұйымдастырылуына байланысты 1936-1962 жылдар аралығындағы Жаңақала (кейінен Фурманов) аудандық атқару коммитетінің, аудандық білім бері бөлімінің құжаттарынан  басшылардың, ардагер ұстаздардың есеп мәліметтері жөнінде дерек іздеуде, Көктерек ауылдық округінің тапсырмасы бойынша ұстаз-зейнеткер Кажыгалиев Теміржан Шамшиденұлы Ақбаев Сақып Даулетұлының атын Көктерек орта жалпы білім беретін мектепке бері үшін 1942-1955 жылдар аралығындағы Жалпақтал (бұрынғы Фурманов) аудандық білім беру бөлімінің құжаттарынан ұстаз Ақбаев Сақып Даулетұлы жөнінде дерек іздеп, олар мұрағат құжаттары сақталатын бөлмесінен №161, №162, №8-ші қорлардың №1, №1 «ж» тізімдемелердегі құжаттарымен жұмыс істеді.
К. Мендалиев атындағы ОЖББ мектебінің  Қазақ тілі әдебиет пәнінің мұғалімдері Кайбалиева Гүлжан Сабырғали қызы мен Манкишева Айымжан  Меңдыхан қызы  Социалистік Еңбек Ері К. Мендалиевтің 100 жылдық  мерей тойына орай мәліметтер жинақтау мақсатында № 247 қордың  К. Мендалиевтің жеке тектік құжаттарымен жұмыс істеді.
Жаңа жол ауылдық округінің  кітапханашысы Кабенова Айгерим Зейноло қызы  Балықты ауылдық Кеңесінен Ұлы Отан соғысына  70 жыл толуына арналған естелік кітап толтыру мақсатында.
Ғ. Молдашев атындағы ОЖББ  мектебінің Қазақ тілі әдебиет пәнінің мұғалімдері
Жетписова Райхан Ерболатқызы мен Исаева Бағдагүл Рақым қызы  1953 жылдан бастап  бұрынғы Фурманов орта мектебінің (қазіргі Ғ. Молдашев ) еңбек еткен ұстаздар туралы дерек жинау, кітап жазу мақсатында.
Қараөзен ауылдық округінің  әлеуметтік қызметкері Уразаева Асел  Мақсот қызы III- дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденнің иегері  Қисетов Мағзомның жеке тектік қорынан мәлімет алу,  еңбек ардагерлері жөнінде кітап жазу мақсатында.
Жалпақтал кітапханасының кітапханашысы Ерғалиева Гүлзира Ахмет қызы  ДЭУ-42, ДЭСУ -399 мекемелерінде қызмет атқарған тракторист - Қабдығалиев Халиолла туралы   мәліметтер жинап, естелік кітаптар  жазу үшін.
Нәтижесінде 9 (тоғыз) зерттеуші  мемлекеттік сақтаудағы тұрған №11 (он бір)  қордың 14   (он төрт ) тізімдемелері бойынша 309-іс қарап, 9938  парақтарға зерттеулер жүргізіліп, қажет мәліметтерді алып, құнды құжаттармен жұмыс жасады.
5. Кадрлармен жұмыс
Филиал қызметкерлері Ел басының «Қазақстан жолы 2050: Бір мақсат, бір мүлде, бір болашақ» атты дәстүрлі жолдауын ауыл әкімшілігі мен бірге талқылап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге белсене қатысып келеді.
Қызметкерлердің жұмысқа уақытында келіп кетуі, еңбек тәртібінің бұзылмауын бақылау тағыда басқа кадрлармен жүргізілетін жұмыстарға үнемі көңіл бөлінуде.
Қызметкерлердің жұмысқа уақытында келіп кетуі, еңбек тәртібінің бұзылмауын бақылау, тағы да басқа кадрлармен жүргізілетің жұмыстарға үнемі көніл бөлінуде. Күзет қызметкерлерінің жұмысы талапқа сай ұйымдастырылады.
 «Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесінің келісімімен Казталов аудандық жұмыспен қамту мекемесінің жолдамасымен Ж.Досмухамбетов атындағы педагогикалық  колледжінің іс-жүргізу және мұрағаттану факультетінің студенттері Губайдуллина Самал, Бақаева София, Алданова Бакытнур 17 мамырдан - 07 маусым  аралығында машықтанудан өтті.
«Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесінің 11.05.2014 жылғы № 17 ж.қ бұйрығымен Жалпақтал филиалында жастар практикасы бойынша  Кыдыргалиева Ш. К жұмыс атқаруда.
  Дерек көздері болып табылатын мекемелерде жиі болып істер номенклатураларын құрастыру, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметінде жасалатын үлгілік құжаттардың 2011 жылғы 26-желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1605 қаулысымен бекітілген істердің сақтау, мерзімдері көрсетілген нұсқаумен іс жүргізушілерді таныстыру, құжаттардың  сақталуын, ережелердің жасақталуын үнемі қадағалап, әр кез практикалық көмектер көрсетіп отырылады.
Жалпақтал   филиалының  директоры:                               Ғ. Едекешев

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel