2015 жылдың 1 жартыжылдығындағы құжаттардың бар-жоғы және жай-күйіне жүргізілген тексеру нәтижелері

Ағымдағы жылдың мамыр және маусым айларында  2015 жылға арналған жылдық жоспарына  сәйкес мұрағат қоймасында сақтауда тұрған қор құжаттарының бар болуына, жай-күйіне, түгелділігіне   тексеру жұмыстары жүргізілді. Биылғы жылдың жылдық жұмыс жоспарына 26 қор, 24 сақтау бірлігі алынды. Қор құжаттарының  белгіленген тәртіп бойынша жай-күйі, физикалық жағдайы қаралды. Тексеру барысында алынған қорлардың физикалық жай-күйі бірқалыпты екендіктері анықталды. Әрбір қор бумалары ауыстырылды, өшіп бара жатқан парақ сандары қайта нөмірленді,істердің мұқабалары жаңадан тігілді, қайта рәсімделді. Қор құжаттарының әрқайсысы тізімдемелері бойынша тексерілді.

Жұмыс барысында  Батыс Қазақстан облыстық жер басқармасы Орал «Совхозмелиострой» жерқұрылыс партиясы  №751 қор, Батыс Қазақстан облыстық азық-түлік  және өндірістік тауарлар карточкалар бюросы  №991 қор,

Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық  коммуналдық  шаруашылығы №155 қор, Батыс Қазақстан Облыстық бақылау-есепке алу бюросы №988 қор, Орал губерниялық ішкі сауда бөлімі №367 қор құжаттарының арасынан кейбір істер  түптеліп, тігілді. Осы аталған қорлар бойынша 84 іс жаңартылды.

Тексеру жұмыстары аяқталған соң, мұрағат құжаттарының бар болуы мен жағдайын тексеру парағы мен жай-күйін тексеру акті жасалды.

Мұрағат қоймасының меңгерушісі   Ж. Утешова

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel