Іс жүргізу және мұрағат ісі саласындағы мамандарға әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету туралы

«Батыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволық мұрағаттармен жұмыс бөлімі арқылы, облыстық мұрағат қорының толықтыру қөзіне енгізілген мекемелердің іс жүргізу және мұрағат ісіне жауапты мамандарына үнемі түрде әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетіліп келеді.
      Үстіміздегі жылы әр түрлі сала бойынша мекемелер мен кәсіпорындардың мамандарына іс жүргізу мен мұрағат ісіне қатынасты заңнамалық-құқықтык актілеріне енгізілген өзгерістерге арнайы көңіл бөлініп назар аударылуда, әсіресе, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы   № 144 бұйрығымен бекітілген  «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидалары», 2014 жылғы 22 желтоқсандағы  № 145 бұйрығымен бекітілген   «Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, басқа да мұрағат құжаттарын мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік мұрағаттардың толықтыруы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы  қағидалары», 2014 жылғы 22 желтоқсандағы   № 146 бұйрығымен бекітілген   «Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және басқа да мұрағат құжаттарын ведомстволық және жеке мұрағаттардың қабылдауы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидалары», және  2015 жылғы 26 қаңтардағы   № 22 бұйрығымен бекітілген   «Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес  ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту   туралы» заңдары.
       Әдістемелік көмек келесі реттік бойынша жүргізіледі, алдымен қабылданған НҚА –мен таныстыру, осы заңнамалық актінің негізгі мазмұны ашылып түсіндіріледі, және оның қай салада қолдануға болатынын айта тұрып іс жүргізу жүйесіне дұрыс енгізу бағыттары көрсетіледі, содан соң тәжирибелік көмек көрсету бойынша дұрыс толтырылған типтік құжаттардың нұсқаларымен таныстырылады, атап айтқанда мекемелер мен ұйымдардағы сараптау комиссияся туралы және ведомстволық мұрағаттар туралы ережелер, тұрақты және жеке құрам бойынша толтырылған тізімдемелер, сақтау мерзімі өткен құжаттарды жою туралы акті, және үлгілік ретінде құрастырылған істер номенклатурасы.
        Кеңес беру аяқталған соң әр маман келушілерге арнайы арналған тіркеу журналында тіркеледі, биылдың өзінде ведомстволық мұрағаттармен жұмыс бөліміне іс жүргізу және мұрағат ісіне жауапты 380 жуық мамандар қатынасып керекті кеңес алды, әдістемелік және тәжірибелік көмекті төрт мұрағатшы маман білдіріп келеді. Аталған жұмыстар арнайы жұмыс жоспарына сәйкес жалғасып келеді. 

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel