Отчет отдела научно-справочного аппараты и использования докуметов за январь-апрель 2017 года

БҚО мемлекеттік архиві ғылыми-анықтамалық аппараты және құжаттарды пайдалану
бөлімінің 2017 жылдың 1-ші тоқсан бойынша атқарған қызметі туралы есебі
2016 жылдың 3 айында мемлекеттік архивке жеке тұлғалардан - 1304, заңды тұлғалардан - 240 өтініш келіп түссе, биылғы жылы жеке тұлғалардан-1392, заңды тұлғалардан- 259 өтініш келіп түсті. Жеке тұлғалардан түскен өтініш 6,32%-ға кеміген, ал заңды тұлғалардан 7,3%-ға өскені байқалады
 
Батыс Қазақстан облысының 1-ші, 2-ші, 3-ші хатшыларының номенклатурасы анықтамалығының 2 томы және жеке тектік қорлар анықтамалығының таныстырылымы 2017 жылдың 16-шы қантарында қоғам қайраткерлерімен өттті.  Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысының әкімшілік-территориялық бөлінісі туралы анықтамалық,   "Эвакуация в Западно-Казахстанскую область в период Великой Отечественной войны 1941-1945 гг" құжаттар жинағы, жеке текетік қор анықтамалығы, БҚО әкімшілік аумақтық бөлімі туралы анықтамалықтар жазылып аяқталуда.
 
Архивтің веб-сайтында Орал облыстық партия комитетінің соңғы хатшысы, мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат Нажамеден Ихсанович Искалиевке, қоғам қайраткері Мухтар Мухтарұлы Ажгуловтың туғанына 95 жыл, жазушы, өлкетанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Жайсан Ақбаевтың туғанына 90 жыл, Еңбек ардагері, халыққа білім беру қызметкері  Тастан Ашгалиұлы Ашғалиевтың туғанына 120 жыл, Аға сержант, Кеңес Одағының Батыры Александр Остапович Борисюктің туғанына 95 жыл. арналып көрме ұйымдастырылды.
 
Архив қоймасының жұмысы  жылдық жұмыс жоспарына, бөлімнің жұмыс жоспарына  және міндеттеріне сәйкес жүргізіледі. Ұлттық мұрағат қорына мекемелер мен ұйымдардан ведомстволық архив құжаттарын қабылдау, істердің физикалық жай-күйін және құжаттардың бар болуын тексеру, тапсырыс бойынша істерді беру және кері орналастыру, жетілдіру сияқты қызметтер атқарылады.
 
Архивттік жылдық жұмыс жоспарына сәйкес  мекемелердің ведомстволық архив құжаттары тұрақты сақтауға алынады. Құжаттарды қабылдау белгіленген тәртіпке сай орындалады.
Бөлім басшысы
С.Семгалиев

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel