Оқушылар мұрағатта қонақта болды
Өткен аптада 2014 жылдың 7 қарашасында мұрағаттың оқу залында Орал қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары болып кетті.
8, 11 сынып оқушылары А.Бижанова, Ж. Сагитова Ж, Н.Едиге жобаның ғылыми жетекшісі – тарих пәнінің мұғалімі Л.А.Бердіғалиевамен бірге Жаңақала ауданында ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға қарсы орын алған көтеріліс және Батыс Қазақстан облысындағы ұжымдастыру үдерісі мен оның салдары туралы мұрағаттық құжаттарды өз бетімен іздеу жұмыстарын өткізді.
Жұмыс барысында өқушылар үшін әр түрлі қорлардан 1928-1933 жылдар шегіндегі ұжымдастыру бойынша құжаттар топтамасы іріктелді. Оқушыларды №1588 қорындағы зерттеуші Джумагалиевтың БҚО ұжымдастыру бойынша анықтаған құжаттары қызықтырды.
Айтып өту қажет, бұл мектеп мұғалімдерінің жалғыз ғана бастамасы емес. Осыдан бұрын осы жылдың 8 шілдесінде республика бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептер мұғалімдерінің бастауымен мектеп оқушыларының еліміздің әр түрлі қалаларына сапарлары ұйымдастырылған болатын. Сапар кезінде оқушылар келген өңірдің тарихымен танысып, мұрағатта 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде Орал өңірі және біздің жерлестеріміздің майдан мен тылдағы каһармандығы туралы құжаттарды зерттеген болатын.
Осы тақырып бойынша А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназияның оқушылары да зерттеулер жүргізді.
«Өткенді еске алып, болашаққа беттейміз» тақырыбы бойынша қалалық мультимедиялық жобалар байқауына дайындық шенберінде осы жылдың 22 қазанында мұрағаттың ғылыми-анықтамалық аппарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің қызметкерлерімен оқушылар үшін 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы туралы баяндайтын мұрағаттық құжаттар құрамы бойынша шолу дайындалып, лекция өткізілді. Содан кейін оқу залында мұрағаттық құжаттармен зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Балалардың мұрағатқа және құжаттарды өз күштерімен зерттеуге деген қызығушылықтары бізді әрине қуантады, өйткені, оқушыларды тарихты зерттеуге бейімдеу арқылы олардың бойында Отан тарихына деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезім тәрбиеленеді.
Сонымен қатар, олар мұрағатшының мамандығымен, облыстық мұрағаттың қызметімен, мұрағатта сақталған құжаттардың құрамымен, зерттеушілердің мұрағаттың оқу залындағы жұмыс бағытымен танысады, ғылым-тарихшылардың көп ғасырлар бұрын болған оқиғалар туралы қалай біліп жария ететіні туралы біле бастайды, қандай тарихи дерекнамалар топтары болатыны және әр топпен зерттеу жқұмыстарының ерекшеліктері туралы мәліметтер алады, құжаттың тарихи білім бұлағы ретіндегі маңызы мен құндылығын ұғынады.
Мұрағатта оқушыларды қонақ ретінде қарсы алу өте жақсы дәстүрге айналды. Олар үшін мұражай, кітапхана және тарихи археологиялық ескерткіштерді барып көру мен тамашалау қандай қызықты болса мұрағатқа келу де соншалықты қызықты болады деген сенімдеміз.