ҚР Президенті мұрағатындағы Ашаршылық құрбандары күніне арналған шараларға қатысу (14-15.04.2016)
2016 жылғы 14-15 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде архив саласындағы әріптестерімен кездесу өткізілді.
Жамбыл обылысынан: Жамбыл облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары – С.Қ. Мадиева, Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің директоры – Қ.И. Башенова, Мойынкұм ауданы архивінің директоры – М.С. Мейірманов; Астана қаласынан қалалық архивтің қызметкерлері М.Қалдыбекова және Ж. Қалкенов; Оралдан – Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінің директоры А.Н. Савгабаева; Павлодардан облыстық мемлекеттік архивтің басшысының орынбасары Қ.Ғ. Мақажанова келді.
Кездесу барысында ҚР Президенті мұрағатының директоры Б.Ә.Жапаров қонақтарға мекеменің қызметі мен алдағы тұрған жоспарлары туралы қысқаша айтып өтті.
Мұрағат қонақтары оқу залы, кітапхана, қойма және сандау кабинеті жұмыстарымен танысты.
Облыстық мұрағатшылар ҚР Президенті мұрағатына Ашаршылық құрбандары күніне арналған бірқатар шараларға қатысу мақсатында келуде - көрме, дөңгелек үстел және http://asharshylyq.kz/?page_id=68&lang=ru сайтында орналасқан 1930-шы жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған деректер базасының тұсау кесері.
Дөңгелек үстел барысында БҚО мемлекеттік мұрағатының директоры А.Савгабаева "БҚО-да 1930 жылдардағы ашаршылық: деректер мен құжаттар" тақырыбында баяндама жасады және "Ашаршылық" деректер базасының авторларына осы жобаны ұсынғандары үшін алғыс білдірді.