Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері жас архившілерінің III жазғы мектебі
2019 жылы маусым айының 10-14 аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві және Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті ұйымдастырған жаңа заманауи форматтағы кәсіби білім алу бойынша және Архивтің 25 жылдығына Жастар жылына орай негізделіп, архив қызметкерлерінің ІІІ жазғы мектебі болып өтті. Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік архивінің ведомстволық архивтермен жұмыс бөлімінің маманы Б.Доши, А.Амангалиева қатысты.
Ресей мен Қазақстанның архив ісінің алдыңғы қатарлы сарапшыларынан, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті мен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессорларынан дәріс тыңдалды. РМГУ профессоры М. Ларин «Халықаралық стандарттауды ұйымдастырудың жаңа стандарттары», Мария Склодовская-Кюри Университетінің профессоры А. Горак «Польшадағы архивистердің білім алуы» және «Польшадағы электрондық әкімшіліктің дамуы» тақырыптарымен оқыған дәрістерміен жалғасын тапты.
Жас архившілерінің III жазғы мектебін қорытындылап, «Электронды құжаттардың бірыңғай архивы» құнды құжаттарды электронды әрі бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйеге көшіру тақырыбында БҚО мемлекеттік архивтің қызметкерлеріне семинар-кеңес өткізіліп, нақты іс-шаралар жоспары қабылданды.
Ведомстволық архивтермен жұмыс бөлімі