2015 жылы БҚО мемлекеттік мұрағаты Сырым филиалына төмендегі мекеме-кәсіпорындардан қабылданған құжаттар туралы м ә л і м е т
2015 жылы БҚО мемлекеттік мұрағаты Сырым филиалына, қор көздері болып табылатын мекемелерден, жоспарланған 691 сақтау бірлігінің орнына, 1142 сақтау бірлігі қабылданды:
1. Сырым аудандық экономика және қаржы бөлімі – 2004-2010 жж, 175 сақтау бірлігі;
2. БҚО мемлекеттік мұрағаты Сырым филиалы – 2000-2013 жж, 91 с.б.;
3. Сырым аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығы– 2000-2012 жж, 197 с.б.;
4. Сырым аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімі – 2007-2014 жж, 72 с.б.;
5. Сырым ауданы Аралтөбе ауылдық округі– 2006-2010 жж, 108 с.б.;
6. Сырым ауданы Алғабас ауылдық округі – 2006-2010 жж, 76 с.б.;
7. Сырым ауданы Бұлан ауылдық округі – 2006-2010 жж, 95 с.б.
8. Сырым ауданы Бұлдырты ауылдық округі -2006-2010 жж 111 с.б.
9. Сырым ауданы Елтай ауылдық округі – 2006-2010 жж 115 с.б.
10.Сырым ауданы Жетікөл ауылдық округі – 2006-2010 жж 102 с.б.
Және Қазақстан Республикасының азаматы, Еңбек ардагері, «ҚР білім беру ісінің үздігі», «Нұр шуағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, «Сырым жауһарлары» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Сырым аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы, мектеп директоры, ауданның өскелең ұрпағына патриоттық, адамгершілік тәрбие беруде өзіндік үлесі бар азаматша Халиахметқызы Гульбақша Ергалиеваның жеке тектік құжаттары қабылданды, барлығы 6/49 с.б.
Барлығы: 1142 с.б.
Барлық қабылданған құжаттар жаңа іс қағаздарына тігіліп, нөмірленіп, куәләндіру жазбалары жазылды. Істердің барлық деректемелері қойылды: мекеменің ресми атауы, істің нөмірі, индексі, номенклатура бойынша атаулары жазылды, аралық мерзімдері, сақтау мерзімдері, парақтар саны көрсетілді. Барлық құжаттар бумаларға оралып, жапсырмалары тағылды.
Келіп түскен істерге штамп қойылып, онда: қор, тізімдеме, іс, бума нөмірлері қойылды. Қабылданған барлық құжаттардың қолтаңбасы, мөрі және өзге деректемелері бар. Келіп түскен істерді есепке алу журналына барлық құжаттар есепке алынып, қор кәртішкелері жасалып, қор парақтары да толтырылды. Құжаттардың физикалық жагдайы жаксы. Қабылдау-тапсыру акттері жасалды.
БҚО мемлекеттік мұрағаты Сырым
филиалының директоры
А.А.Шильмуханова
25.11.2015 ж