Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы жанындағы облыстық сараптама-тексеру комиссиясының кезекті отырысының қорытындысы 05.06.2015 ж
2015 жылдың 5 маусымында Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы «БҚО мемлекеттік мұрағаты» КММ директоры А.Н.Савгабаеваның төрағалығымен облыстық сараптау-тексеру комиссиясының кезекті отырысы өткізілді.
Комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес алдымен шақырылған мекемелердің өкілдерін тындау болды, атап айтқанда «Орал сервис технологиялық колледжі», «БҚО жерді пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ және «Облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхана» КММ олар осы мекемелерде іс-жүргізу және мұрағат ісі қалай қалыптасқаны туралы баяндап берді. Комиссияның жұмыс қорытындысы бойынша серіктестік басшысына ұсыныс енгізілді.
Одан әрі комиссия өз жұмысында облыстың келесі мекемелерімен кәсіпорындары ұсынған құжаттарын қарап шешімін берді. 2015 жылға арналған істер номенклатурасына келісім алған мекемелер: «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК, «Ғ.Құрманғалиев ат. Облыстық филармониясы» МКҚК, «БҚО Ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ, Орал көлік прокуратурасы және Ақ Берен Батыс Қазақстан атқыламаға қарсы әскерилендірілген бөлім филиалы ұсынылған ҒТӨ жұмысының қорытындысы бойынша келісім алынды.
Сонымен қатар Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі сараптау комиссиясыжәне ведомстволық мұрағаты туралы ережелеріне келсім берді.
Келесі СТК –ның отырысы үстіміздегі жылдың 30 маусымында өтеді.