2014 жылы мұрағаттың қоймаларында құжаттарға өткен түгендеудің қорытындылары туралы

Ағымдағы  жылы  мұрағат  қоймасының  қызметкерлері  мұрағаттық  қор құжаттарының бар болуы мен  жай-күйін тексеру  жұмыстарын жүргізді.  Тексеру  жұмыстары  келесідей  қорларға жүргізілді: № 900 қор БҚО Орал жиһаз фабрикасы, №532 Орал қаласының тұрмыс жиһазы, №550 «Ақжайық» ЖШС –гі, №485 «Парыз» мемлекеттік сауда кәсіпорны, №499 Орал қаласының электр жүйесін таратушы кәсіпорны, №512 Облыстық құрылыс- жөндеу басқармасы, №172 Зашаған ауылдық әкімдігі аппараты, №459 Орал қаласының №11 –ші орта мектебі, №2026 Орал облыстық «Казселхозтехника» бірлестігі, №802 Орал қаласының №1-ші Автобус паркі, №998 БҚ сақтандыру фирмасы, №723 Орал өзен кеме шаруашылығы басқармасы, №1107 Жанібек аудандық прокуратурасы, №580 Орал мемлекеттік педагогикалық институты, №288 Орал қаласы тұрмыстық қызмет комбинаты, №480 Мектептік, студенттік тамақтандыру комбинаты, №317 Орал қаласының  әкімшілігі, №538 «Электрик» ЖШС, №606 Орал халық соты, № 1126 Орал қалалық атқарушы комитеті, №35 Қазақстан коммунистік партиясы, Камен аудандық комитеті, №702 «Уральскпромстрой» көлік транспорт кеңесесі,   № 657 Зеленов ауданды, Көшім ауылдық еңбек кеңесі.

Қорлардың тізімдемелері  бойынша  жалпы  24000 сақтау бірлігі есепке алынды. Осы аталған 23 қордың барлық  құжаттары тізімдемесі бойынша тексерілді.  Қор құжаттарының  әрқайсынан техникалық қателіктер анықталып, яғни литерлік  нөмірлердің және түсіп қалған нөмірлердің болуы, сақтау бірліктері тексерілді.

Техникалық қателерді жою  нәтижесінде тізімдемелер бойынша есепке алынды. Әрбір қор бойынша тізімдемеге  енгізілмеген істердің  болуы анықталған жоқ. Қор құжаттарының  ішінен  дезинсекция мен дезинфекцияны талап ететін 1400 сақтау бірлігі есепке алынып, жұмыстар жүргізілді.  100 сақтау бірлігі қалпына келтірілсе, 400  сақтау бірлігі қайта қапталып, тігілді. Істер арасында мәтіні өшіп бара жатқандары кездескен жоқ.

Сонымен қатар, түзетуге келмейтін құжаттар да анықталмады. Істер мен құжаттар жаңадан бумаланып, жапсырма жасалды. Мұрағаттық  қор құжаттарының сақталу жағдайларын тексеру барысында теріс құбылыстар кездеспеді. Барлық қорлардың  жай-күйі жақсы деңгейде сақталуда. Жұмыс соңында  мұрағаттық құжаттардың бар болуы мен жай-күйін тексеру актісі жасалып, қор ісіне салынды. Осы мұрағаттық құжаттардың  бар болуы мен  жай-күйін тексеру жұмыстары  келесі жылы да жалғасады.

Қойма меңгерушісі Ж.Өтешева
26.11.2014 жыл

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel