Ұлы татар ақыны Ғабдолла Мұхаммедғарифович Тоқайдың туғанына 130 жыл толу құрметіне орай электрондық көрмеге орналастыруға жататын құжаттар тізімі(18.07.2016)

Татар ақыны Ғабдолла Тоқайдың туғанына 130 жыл толу құрметіне Сізге оның өмірі мен қызметіне қатысты құжаттардың электрондық көрмесін ұсынамыз.
Тоқай Ғабдолла (толық аты-жөні – Ғабдолла Мұхаммедғариф ұлы Тоқаев) (26.4.1886, қазіргі Татарстан Республикасы – 15.4.1913, Қазан) – татар ақыны, публицист. Татардың жаңа бағыттағы реалистік әдебиеті мен қазіргі татар әдеби тілінің негізін салушы. 1895 жылы Орал қаласына келіп, Мутыгия медресесінде оқыды, орыс класына да қатысып, орысша үйренді. 1902 жылдан жаза бастады.
1905 жылдан «Уралец» газетінің (орыс тілінде) баспаханасында істейді, «Пікір» газетінде, «Әл-ғасыр әл-жадид» («Жаңа ғасыр»), «Оқтар» журналында өлеңдері, публицистикалық мақалалары, фельетондары басылды. Тоқай қалың бұқараның мүддесін қорғаушы, азаттық жыршысы болды. Оның алғашқы шығармаларында кейбір діни-реформаторлық сарындар ұшырасқанымен, өз тұсындағы революциялық өзгерістерді жырлады («Бостандық туралы», 1905; «Арамтамақтарға», 1906; «Мемлекеттік дума», 1906). Ақын саяси-идеялық жағынан өсіп, татардың саяси көркем поэзиясын биік белеске шығарды, сатиралық, революциялық,азаматтық лириканы дамытты. Демократияшыл жастардың «Әл-ислах» газетіне (1905-09) қатысты. 1908 жылы Г.Камалмен бірігіп, Қазандағы тұңғыш сатиралық «Яшен» («Жасын») журналын шығарды. 1910 жылдан «Ялт-йолт» («Жалт-жұлт») журналында қызмет етті. Реакция жылдарында революциялық-демократиялық бағытта сатиралық шығармалар жазды. Оның сатирасы патша өкіметіне, буржуазияшыл-ұлтшылдарға, мұсылман дін басыларына деген өшпенділікке толы болып келеді («Кетпейміз», 1907; «Ұлтшылдар», 1908; «Ауыл жырлары», 1909). Тоқай еңбекшілердің аянышты ауыр халін  асқан шындықпен суреттеді («Заводта», 1910; «Күзгі желдер», 1911; «Дача», 1911; «Боран», 1912). Гуманист-ақын Тоқай әйелдерді қорғап және оларға азаттық, теңдік тілеп бірнеше өлең жазды («Татар қыздарына», 1906; «Әйелдер бостандығы», 1909). Біраз лирикалық өлеңдері ғазел түрінде жазылған («Әй, махаббат-ай», 1906; «Егер сен болсаң», 1907). Тоқай балаларға арнап өлеңдер мен прозалық шығармалар да жазды («Балаға», 1910; «Жұмысқа шақыру», 1911). Кейбір өлеңдері атеистік идеяда жазылған («Бәйіт», 1912; «Езгі», 1911). Ол А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, А.Н.Майков, А.Н.Плещеев, Я.П.Полонский, А.В.Кольцов, И.С.Никитин, А.К.Толстой т.б.бірқатар шығармаларын татар тіліне аударған. Ақын С.Торайғыров оның «Екі тышқан», С.Дөнентаев «Ібілістің шайтанға айтқаны», Ә.Ғалымов «Сүтке түскен тышқан» т.б. өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Совет өкіметі тұсында Тоқайдың шығармалары қазақ тілінде алты рет жеке кітап болып басылды.
Осы көрмені дайындау барысында негізгі дереккөз ретінде «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты» КММ-дегі №П-520 «Қазақстан Компартиясы Орал облыстық комитеті» қорындағы   Ғабдолла Тоқайдың жеке ісіндегі құжаттар пайдаланылды.
Көрменің негізгі мақсаты: Тоқай Ғабдолла туғанына 130 жыл толуына орай өмірбаяны мен еңбек жолын оқырман қауымға таныстыру
Міндеттері:
- өлке тарихын зерттеудің дереккөзі ретінде мұрағаттық құжаттарды ұсыну;
- Жерлесіміз Тоқай Ғабдолла өмірбаянымен таныстыру;
- өлке тарихына құрмет сезімін қалыптастыру.
     Көрме келесі бөлімдерден тұрады:
1. Тоқай Ғабдолла туралы мұрағаттық деректер

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel