• Шаралар
  • Көрмелер
  • Ұлы татар ақыны Ғабдолла Мұхаммедғарифович Тоқайдың туғанына 130 жыл толу құрметіне орай электрондық көрмеге орналастыруға жататын құжаттар тізімі

Ұлы татар ақыны Ғабдолла Мұхаммедғарифович Тоқайдың туғанына 130 жыл толу құрметіне орай электрондық көрмеге орналастыруға жататын құжаттар тізімі

Тарихи анықтама
           Ғабдолла Тоқай – татардың ұлы ақыны.
Ғабдолла Тоқай (толық аты-жөні – Ғабдолла Мұхаммедғариф ұлы Тоқаев) (26.4.1886, қазіргі Татарстан Республикасы – 15.4.1913, Қазан) – татар ақыны, публицист. Татардың жаңа бағыттағы реалистік әдебиеті мен қазіргі татар әдеби тілінің негізін салушы. 1895 жылы Орал қаласына келіп, Мутыгия медресесінде оқыды, орыс класына да қатысып, орысша үйренді. 1902 жылдан жаза бастады. 1905 жылдан «Уралец» газетінің (орыс тілінде) баспаханасында істейді, «Пікір» газетінде, «Әл-ғасыр әл-жадид» («Жаңа ғасыр»), «Оқтар» журналында өлеңдері, публицистикалық мақалалары, фельетондары басылды. Тоқай қалың бұқараның мүддесін қорғаушы, азаттық жыршысы болды. Оның алғашқы шығармаларында кейбір діни-реформаторлық сарындар ұшырасқанымен, өз тұсындағы революциялық өзгерістерді жырлады («Бостандық туралы», 1905; «Арамтамақтарға», 1906; «Мемлекеттік дума», 1906). Ақын саяси-идеялық жағынан өсіп, татардың саяси көркем поэзиясын биік белеске шығарды, сатиралық, революциялық,азаматтық лириканы дамытты. Демократияшыл жастардың «Әл-ислах» газетіне (1905-09) қатысты. 1908 жылы Г.Камалмен бірігіп, Қазандағы тұңғыш сатиралық «Яшен» («Жасын») журналын шығарды. 1910 жылдан «Ялт-йолт» («Жалт-жұлт») журналында қызмет етті. Реакция жылдарында революциялық-демократиялық бағытта сатиралық шығармалар жазды. Оның сатирасы патша өкіметіне, буржуазияшыл-ұлтшылдарға, мұсылман дін басыларына деген өшпенділікке толы болып келеді («Кетпейміз», 1907; «Ұлтшылдар», 1908; «Ауыл жырлары», 1909). Тоқай еңбекшілердің аянышты ауыр халін  асқан шындықпен суреттеді («Заводта», 1910; «Күзгі желдер», 1911; «Дача», 1911; «Боран», 1912). Гуманист-ақын Тоқай әйелдерді қорғап және оларға азаттық, теңдік тілеп бірнеше өлең жазды («Татар қыздарына», 1906; «Әйелдер бостандығы», 1909). Біраз лирикалық өлеңдері ғазел түрінде жазылған («Әй, махаббат-ай», 1906; «Егер сен болсаң», 1907). Тоқай балаларға арнап өлеңдер мен прозалық шығармалар да жазды («Балаға», 1910; «Жұмысқа шақыру», 1911). Кейбір өлеңдері атеистік идеяда жазылған («Бәйіт», 1912; «Езгі», 1911). Ол А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, А.Н.Майков, А.Н.Плещеев, Я.П.Полонский, А.В.Кольцов, И.С.Никитин, А.К.Толстой т.б.бірқатар шығармаларын татар тіліне аударған. Ақын С.Торайғыров оның «Екі тышқан», С.Дөнентаев «Ібілістің шайтанға айтқаны», Ә.Ғалымов «Сүтке түскен тышқан» т.б. өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Совет өкіметі тұсында Тоқайдың шығармалары қазақ тілінде алты рет жеке кітап болып басылды.
Ғ.Тоқайға қатысты мұрағаттық деректер топтамасы
 «В Уральске отметили День рождения Габдуллы Тукая» мақаласы
1
П520-қор, 1-тізім, 11-іс, 1-бет, 1 парақта
Мақала 27.04.2008 жылы жазылған.  Көшірме, машинкамен басылған, орыс тілінде

 «Гает чае в Уральске»  мақаласы
2
П520-қор, 1-тізім, 11-іс, 2-бет, 1 парақта.
Мақаланы Марат Багаутдинов 2.10.2008 жылы жазған. Көшірме, машинкамен басылған, орыс тілінде.

«Осенние свадьбы в татарском Уральске»  мақаласы
3
П520-қор, 1-тізім, 11-іс , 3-бет, 1 парақта
Мақаланы Марат Багаутдинов 15.10.2008 жылы жазған. Көшірме, машинкамен басылған, орыс тілінде

«День татарской культуры в Уральске»  мақаласы
4
 
4.1
П520-қор, 1-тізім, 11-іс, 3-бет, 1 парақта
Мақаланы Марат Багаутдинов 15.10.2008 жылы жазған. Көшірме, машинкамен басылған, орыс тілінде

«Татарстанские артисты выступили дл я татар Уральска»  мақаласы
5
П520-қор, 1-тізім, 11-іс, 4-5 беттер, 2 парақта
Көшірме, машинкамен басылған, орыс тілінде

«Весенний праздник  в Уральске»  мақаласы

6
П520-қор, 1-тізім, 11-іс, 6-бет, 1 парақта
Көшірме, машинкамен басылған, орыс тілінде

« Татары Уральска отмечают День рождения Тукая праздником
татарской поэзии»  мақаласы
7
П520-қор, 1-тізім, 11-іс, 7-бет, 1 парақта
Мақала 04.2009 жылы жазылған. Көшірме, машинкамен басылған, орыс тілінде

«Иде-Гает в Уральске»  мақаласы

8
П520-қор, 1-тізім, 11-іс, 8-бет, 1 парақта
Мақаланы Марат Багаутдинов 22.09.2008 жылы жазған. Көшірме, машинкамен басылған, орыс тілінде

 «Благотворительный концерт в Уральске»  мақаласы
9
П520-қор, 1-тізім, 11-іс, 9-бет, 1 парақта
Мақала 04.11.2009 жылы жазылған. Көшірме, машинкамен басылған, орыс тілінде

«Курбан гаит в Уральске»  мақаласы
10
 
10.1
П520-қор, 1-тізім, 11-іс, 10-бет, 1 парақта
Мақала 27.11.2009 жылы жазылған.  Көшірме, машинкамен басылған, орыс тілінде

«Юбилейные мероприятия в честь Великой Победы советского народа в
Великой Отечественной войне в Уральске и Бишкеке»  мақаласы
11
П520-қор, 1-тізім, 11-іс, 11- 12-беттер, 2 парақта
Мақаланы Қырғыз-Татар достық және ынтымақтастық қоғамының баспасөз хатшысы Сергей Зейлюк 
14.02.2010 жылы жазды.  Көшірме, машинкамен басылған, орыс тілінде

 «В Уральске чествуют ветеранов войны»  мақаласы
12
П520-қор, 1-тізім, 11-іс, 13-бет, 1 парақта
Мақала 04.05.2010 жылы жазылған.  Көшірме, машинкамен басылған, орыс тілінде

«Новости татар Уральска»  мақаласы
13
П520-қор, 1-тізім, 11-іс, 14-бет, 1 парақта
Мақала 09.09.2010 жылы жазылған. Көшірме, машинкамен басылған, орыс тілінде

«Урок дружбы в Уральске»  мақаласы
14
П520-қор, 1-тізім, 11-іс, 15-бет, 1 парақта
Мақала 09.2010 жылы жазылған. Көшірме, машинкамен басылған, орыс тілінде

 «Отчётный концерт Татарского культурного центра, посвящённый 4-й годовщине
создания музея Г.Тукая в г.Уральске»  мақаласы
3
 
4
П520-қор, 1-тізім, 11-іс, 16-17-беттер, 2 парақта
Мақала 10.11.2010 жылы жазылған. Көшірме, машинкамен басылған, орыс тілінде

ҒАА және құжаттарды пайдалану
             бөлімінің басшысы:
С.Семгалиев

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel