№732 қор бойынша жаңа түсімдерге шолу
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі жабылуына байланысты үстіміздегі жылдың желтоқсан айында облыстық мемлекеттік мұрағат қорына 2008-2014 жылдар аралығындағы қызмет ету барысында қалыптасқан, жүргізілген істері мен құжаттарын тұрақты сақтауға тапсырды. Департаменттің мұрағаттық қор нөмірі №732. Департаменттің Мемлекеттік Ұлттық мұрағат қорында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы кезінен, яғни 2000-2007 жылдар аралығындағы құжаттары сақтауда тұр.
Негізгі міндеттері өз құзыретінің шегінде мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік қызмет саласындағы заңдарды іске асыру және басқа да қызметтер болып табылатын департаменттің 2008-2014 жылдар аралығындағы істері мен құжаттарына ағымдағы жылы ғылыми-техникалық өңдеу жүргізілген.
Ғылыми-техникалық өңдеуге мұрағаттық қордың құрамы мен мазмұнын сипаттайтын ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің тапсырмалары, олардың орындалуы жөніндегі құжаттар, негізгі қызмет жөніндегі бұйрықтары, жұмыс регламенттері, жылдық жоспарлары, семинар-кеңестердің құжаттары, тіркеу журналдары, қызметтің тиімділігіне бағалау жүргізу жөніндегі құжаттар, қаржыландырудың жылдық жоспарлары, мемлекеттік сатып алу бойынша жылдық жоспарлар, штаттық кестелер, кадр резерві, ауыстыру тәртібі келісілулер, аттестациялау жөніндегі есептер, Мемлекеттік қызметшілердің саны және мемлекеттік органдарда конкурстық сұрыптау жөніндегі есеп берулер, кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі есептер, Тәртіптік кеңес отырысының хаттамалары, Мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларын сақтауды тексерудің қорытындысы бойынша есептер, Тәртіптік кеңес жұмысы туралы есептер, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» есептер, Орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімдері тәртіптік комиссиялары қызметінің нәтижесі жөніндегі басқарманың есептері, Мемлекеттік органдарының қызметшілерімен Ар-Намыс кодексі нормаларының сақталуы бойынша есептері, Ар-Намыс кодексі нормаларының мемлекеттік қызметшілер тарапынан сақталуы бойынша БҚО –дағы Тәртіптік кеңесінің жұмысы туралы есептері, Жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларды сақтау бойынша мемлекеттік ұйымдар іскерлігін тексеру туралы құжаттары, Тәртіптік істерді тіркеу журналы, жеке құрам бойынша бұйрықтар, лауазымдық нұсқаулар, бұйрықтарды тіркеу журналы, еңбек шарттары мен еңбек кітапшалары, еңбекақы есептеу ведомостары, міндетті зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді аудару жөніндегі құжаттар, Тәртіптік істер сияқты тұрақты және 75 жыл сақталатын құжаттар алынған.
Сонымен қатар, мұрағат қор қоймасына Департаменттің уақытша (10 жылдан жоғары) сақталатын істері де сақтауға қабылданды.
№ 732 қорда барлығы 81 бума құрылып , 224 іс тұрақты сақталатын істер, 61 іс жеке құрам бойынша , уақытша сақталатын (10 жылдан жоғары) 22 іс, 308 тәртіптік істердің тізімдемелері жасалған. Барлығы 637 істің сақтау бірлігі енгізілген.
Құжаттар мен істер тізімдемелері бойынша тексеріліп, қабылдау-тапсыру актісі жасалды. № 732 қор құжаттарының жалғасы мұрағат қоймасына орналастырылды.
Қойма меңгерушісі Ж.Өтешова
10.12.2014 жыл