Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері Константин Николаевич Кутаихиннің дүниеге келгеніне 100 жыл толуына орай
Соғыс және еңбек ардагері, дербес зейнеткер, жас ұрпақты тәрбиелеуде және өлкеміздің дамуына үлкен еңбек сіңірген Константин Николаевич Кутаихиннің туғанына 19 қыркүйекте 100 жыл толды.
Константин Николаевич Кутаихин 1914 жылдың 19 қыркүйегінде Сталинград облысы Новониколаев ауданы Новониколаев ауылында жұмысшы отбасында дүниеге келген. Еңбек жолын дүкенде сатушы болып бастаған, артынан телеграф және телефон монтерінің курсында оқыған. Орал крупзаводында еңбек ете жүріп, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан. Комсомол ұйымының хатшысы болды. 1938 жылы Ленинград артиллерия техника училищесін тәмамдағаннан кейін, комсомол бюросында хатшылық қызметті атқарды. Фин және Ұлы Отан соғыстарына қатысты. Соғыстан кейінгі жылдары Орал қалалық партия комитетінде хатшы, облыстық кәсіподақтар ұйымында хатшы, облыстық партия комитетінің ерекше секторының меңгерушісі, облыстық партия комитетінің жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.
Константин Николаевич Кутаихин облысымыздың дамуына және жас ұрпақты тәрбиелеуде сіңірген еңбегі үшін «Қызыл Ту» және «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдермен, алғыс хаттармен марапатталды.
Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағаты Константин Николаевич Кутаихиннің өмірбаяны туралы жеке парағы, қызметтік мінездемелер, қызметтік жоғарылау құжаттарынан үзінділер, «Қызыл Ту» орденімен және басқа да медальдармен марапатталғаны туралы куәліктерін, депутат болып сайланғандығы туралы куәліктерін, суреттерін сақтауда. Осы құжаттардың ішінен негізгілерін Сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.
Зерттеушілер Константин Николаевич Кутаихиннің мұрағаттық қор құжаттарымен танысуына болады.
1. Өмірбаяндық мәліметтер.
БҚО ММ, 524 қор, 1 тізім, 1 іс, 4-5 беттер.
Өмірбаян, 1975 жыл, түпнұсқа, машинамен жазылған, жазу қағазы, орыс тілінде.
БҚО ММ, 524 қор, 1 тізім, 1 іс, 9-10-беттер.
КОКП мүшесі К.Н.Кутаихиннің есеп карточкасынан үзінді, №02684135, 1932 жылдан 1978 жылға дейінгі еңбек өтілі мен жұмыс орнын қамтиды, машинамен басылып жазылған.
БҚО ММ, 524 қор, 1 тізім, 5а іс.
«Осоавиахим»-нің мүшелік билеті, 1929 жыл, түпнұсқа.
БҚО ММ, 524 қор, 1 тізім, 5м іс.
Құдайсыз жауынгерлердің мүшелік билеті, 1930 жылғ түпнұсқа.
БҚО ММ, 524 қор, 1 тізім, 5б іс.
БЛКЖО-ның 1 қалалық конференциясының мүшелік билеті 1935 жылғы, түпнұсқа.
БҚО ММ, 524 қор, 1 тізім, 5в іс.
Соғыс кезеңіндегі жеке куәлігі, 1939-1943 жылдар, түпнұсқа.
БҚО ММ, 524 қор, 1 тізім, 4г іс.
Әскери билеті, түпнұсқа, 22.06.1944 жылғы.
БҚО ММ, 524 қор, 1 тізім, 5и іс.
Депутат болып сайланғандығы жөніндегі куәлік, 1950 жылы, түпнұсқа.
БҚО ММ, 524 қор, 1 тізім, 4б іс.
Институт бітіргені туралы диплом, 27.06.1955 жыл, түпнұсқа.
БҚО ММ, 524 қор, 1 тізім, 4е іс.
Дербес зейнеткер К.Н.Кутаихиннің куәлігі, 1977 жыл, түпнұсқа.
2. Еңбектері мен зерттеулері.
БҚО ММ, 524 қор, 1 тізім, 3г іс, 1-6-беттер.
1949 жылдың 19 сәуірінде К.Н. Кутаихиннің радиодан сөйлеген сөзінің мәтіні, машинамен жазылған, жазу қағазы, орыс тілінде.
БҚО ММ, 524 қор, 1 тізім, 2 іс, 1-45-беттер.
Ұлы Отан соғысына 30 жыл толуына орай К.Н. Кутаихиннің Орал қаласы еңбекшілерінің салтанатты жиналысында жасаған баяндамасы. Машинамен жазатын жазу қағазы, орыс тілінде.
БҚО ММ, 524 қор, 1 тізім, 2ж іс, 1-28-беттер.
Орал қаласы қорғанысының 50 жылдығына орай К.Н. Кутаихиннің жасаған баяндамасы. Машинамен жазатын жазу қағазы, орыс тілінде.
3. Марапаттаулары.
БҚО ММ, 524 қор, 1 тізім, 6а іс.
«Қызыл Ту» орденімен марапатталды. №218464, 03.08.1946 жыл, түпнұсқа.
БҚО ММ, 524 қор, 1 тізім, 6б іс.
«Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. №224017, 01.03.1957 жыл, түпнұсқа.
БҚО ММ, 524 қор, 1 тізім, 6г іс.
«Тың жерлерді игергені үшін» медалі, 03.04.1957 жыл, түпнұсқа.
БҚО ММ, 524 қор, 1 тізім, 6в іс.
ВСХВ медаль куәлігі, 1957 жыл, түпнұсқа.
БҚО ММ, 524 қор, 1 тізім, 6в іс.
«1-дәрежелі Отан соғысы» орденімен марапатталды. №491848, 11.03.1985 жыл, түпнұсқа.
4. Фотосуреттер.
БҚО ММ, 524 қор, 1 тізім, 11 іс, 1-бет.
Ленинград артиллерия техника училищесінің түлектері. 2-ші қатардан солдан үшінші К.Н.Кутаихин, 1936-1938 жылдары, түпнұсқа.
БҚО ММ, 524 қор, 1 тізім, 11в іс, 2-бет.
Курсанттар А.Ф.Решетников және К.Н.Кутаихин. 1938 жыл, түпнұсқа.
БҚО ММ, 524 қор, 1 тізім, 11д іс, 3-бет.
Оң жақта К.Н.Кутаихин майдангер достарымен бірге. 1942 жыл, түпнұсқа.
БҚО ММ, 524 қор, 1 тізім, 11 іс, 4-бет.
1-ші қатардан солдан үшінші К.Н.Кутаихин БҚО кәсіподағы Кеңесіне қатысып отыр. 1949 жылдың желтоқсаны, түпнұсқа.
БҚО ММ, 524 қор, 1 тізім, 11в іс, 5-бет.
К.Н.Кутаихин және П.А.Корнеев. 1955 жылдың мамыры, түпнұсқа.
БҚО ММ, 524 қор, 1 тізім, 11а іс, 6-бет.
1-ші қатардан солдан үшінші К.Н.Кутаихин партия комитетінің хатшы көмекшілері мен партияның облыстық комитетінің ерекше сектор меңгерушілерінің Өлкелік кеңесіне қатысушыларымен бірге. 1964 жылдың 12-13 қазаны, түпнұсқа.
БҚО ММ, 524 қор, 1 тізім, 11 іс, 7-бет.
Москва қаласындағы Жоғары партия мектебінің курсында. К.Н.Кутаихин 1-ші қатардан оң жақтан бірінші. 1970 жылдың қаңтары, түпнұсқа.
БҚО ММ, 524 қор, 1 тізім, 11 іс, 8-бет.
К.Н.Кутаихин 20 жылдардағы комсомол ардагерлерімен бірге. 4-ші қатардан сол жақтан бірінші. 1977 жылдың қыркүйегі, түпнұсқа.