• Шаралар
  • Көрмелер
  • Кіші лейтенант, Кеңес Одағының Батыры, Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауылының тумасы Дмитрий Иванович Панфиловтың туғанына 105 жыл толу құрметіне жеке тектік қорына жататын құжаттар тізімі

Кіші лейтенант, Кеңес Одағының Батыры, Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауылының тумасы Дмитрий Иванович Панфиловтың туғанына 105 жыл толу құрметіне жеке тектік қорына жататын құжаттар тізімі

Тарихи анықтама
           Тарасенко Василий Федорович – Кеңес Одағының Батыры.
           Тарасенко Василий  1912 жылы Батыс Қазақстан облысы Буденый ауылында шаруа-диқанның отбасында дүниеге келді. Ұлты – украин. 1947 жылдан бастап Киров атындағы колхоздың партия ұйымының партия есебінде тұрған.
           Әкесі Федор Герасимович, 1868 жылы дүниеге келген, Екатеринослав губерниясы, Александров уезді, Царскоконстантинов болысы, сол ауылдан шыққан (ескіше әкімшілік атауы бойынша). Украинадан Тарасенко жанұясы Батыс Қазақстан облысына 1909 жылы келді және сол кезден бастап осы облыста тұрады.
            Әкесі Федор Герасимович үнемі шаруашылықпен айналысып, өткен жүзжылдықтың 90-шы жылдары помещиктерге жалданып жұмыс жасады, 1893 жылы полиция болып қызмет атқарды.
           1917 жылға дейін және одан кейін шаруашылықпен айналысты. Василий бала кезінде ата-анасының қасында өсіп, шаруашылықта әкесіне көмектесті. 1929 жылы Гигант колхозына енді.
            Екі үлкен ағасы майданда болып, біреуі өлтіріліп, екіншісі із-түссіз жоғалды.
            Василий Рязань қаласындағы гидротехникумда оқыды.
            Кеңес Одағының Батыры атағын алмастан бұрын әскери тапсырманы орындағаны үшін «Қызыл ту» орденімен марапатталды.
            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Тарасенкоға Ленин және «Золотая Звезда»  орденін тапсырумен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ол үш рет жараланып, екі рет контузияға ұшырады. Демалыста үйінде болып, кездесулер өткізді және колхоз қызметкерлерін өз еңбектерімен майданға көмектесуге шақырды.
             Орлов-Курск бағытындағы әскери әрекеттер кезінде сержант Тарасенко бірнеше рет барлауға шығып, қарсыластың инженерлік бөгеттері бойынша оның қорғаныс жүйесі және Тросна ауылының аумағындағы ату орындарының құнды мәліметтерін білді.  Днепр өзенінен тездетіп өту кезінде сержант Тарасенко ерлік пен батырлық көрсетіп ерекше көзге түсті. Қарсыластың минометтерінің, артиллериясының және автоматтарының қызу атысының астында Тарасенко жолдас қайықтың бастығы бола тұра, ескекшілерді есептеп, оң жағаға табысты түрде жетті және 25 жаяу адамды жеткізді.  
Василий Фёдорович Тарасенко

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel