Кеңес Одағының Батыры, Батыс Қазақстан облысының тумасы Есен Шегреұлы Орақбаевтың туғанына 95 жыл толу құрметіне жеке тектік қорына жататын құжаттар тізімі
Тарихи анықтама
Уракбаев Есен Шегреевич – Кеңес Одағының Батыры.
Уракбаев Есен Шегреевич 1922 жылғы 22 маусымда Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданы №1 ауылда кедей шаруаның отбасында дүниеге келді. 1930 жылға дейін ол ата-анасымен бірге туған жерінде тұрып, 1930 жылдың аяғында Батыс Қазақстан облысы Чапаев ауданының «1-е мая» совхозына көшті. 1931 жылдың басында ол Киров ауылдық кеңесіндегі бастауыш мектепте оқып бастап, 1939 жылы осындағы орта мектепті бітіреді. 1939 жылдан бастап 1941 жылға дейін ол Батыс Қазақстан облысы Фурманов ауданының Орал педтехникумының 1 және 2 курстарын бітіріп, 1941 жылдан бастап 1942 жылға дейін 3 курсын бітірді.
Есен жас кезінде оқуға дейін үлкен аңшы болды. Оның тілегін орындау үшін 1929 жылы ол 7 жаста болған кезде әкесі өз ақшасына жеке мұғалім жалдап, оны мектепке дайындады. 1930 жылы Есен Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданы Колмыково ауылындағы бастауыш мектепте оқып бастап, 1934 жылы өте жақсы бағамен бітірді. Содан соң Батыс Қазақстан облысы Фурманов ауданы Педтехникумды аяқтады. Айта кететін жайт, Есеннің ержүректілігі бала кезінен бастап байқалды. Мысалы, 1934 жылы «1-е мая» колхозында қасқырлар 5 құлынды өлтіріп, оған Есен былай деді: «Мен оны ұстап өлтіремін». Ол үшін ол атқа мініп, қолдарына таяқ алып, қасқырды күзетіп оны аттың үстінде отырып таяқпен өлтіреді.
Ол ата-анасын бағып, жолдастарымен тату-тәтті болып, құстарды садақпен атқанды, басқаша айтқанда «ЖАК-АТУ» жақсы көретін. Болашақта дәл ататын мерген болуды армандап, 1942 жылы майданға аттанды.
Майданға кетіп бара жатып, ол анасы мен әкесіне былай деді: «Мен майданнан жеңіспен немесе үлкен батыр ретінде оралатыныма Сіздерді сендіргім келеді». Ақырында дәл осылай болды. Есен өзінің мақсатына жетіп, Кеңес Одағының Батырына айналды, ол туралы өзінің хатында ата-анасына жазады.