Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Кеңес Одағының батыры –Мәншүк Мәметова туралы көрме
Сіздердің назарларыңызға Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Кеңес Одағының батыры –Мәншүк Мәметова туралы электрондық көрмесін ұсынамыз.
Мәншүк Жиенғалиевна Мәметова (1922-1943)- Ұлы Отан соғысы жылдарында көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін Кеңес Одағының Батыры атағына (қаза тапқаннан кейін) ие болған алғашқы қазақ қызы. Ол 1922 жылдың 23қазанында қазіргі Батыс Қазақстан Облысының Орда ауданында дүниеге келген. Соғыс жылдары өз еркімен майданға аттанып, 100-атқыштар бригадасында пулеметші болып қызмет етті. 1943 жылдың қазан айында Псков облысындағы Невель қаласын азат ету жолындағы шайқаста қаза тапты, соңғы сәтке дейін жауға оқ жаудыртып, ерлікпен көз жұмды.
Отан үшін болған шайқастарда неміс-фашист басқыншыларына қарсы ерлікпен шайқасып, 1943 жылғы 15 қазанда қаһармандықпен қаза тапты. Қазақ халқының батыр қызы, аға сержант пулеметші, комсомол мүшесі-қазақ қызы Мәншүк Мәметова.
Ұлы Отан соғысы кезіндегі ауыр жарақатына қарамастан, қайсар пулеметші соңғы күшін жинап, пулеметінен оқ жаудыртып,қарсы шабуылға өткен фашистердің тізбегін бірнеше рет тоқтатты.
1944 жылғы 1 наурыздағы Жарлықпен Мәншүк Мәметоваға «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді. Батыр қыз дүниеге келген Орда ауылында Мәншүкке арналып ескерткіш орнатылған.
Халықтың жүрегінде өз өмірін ел бақыты үшін құрбан еткен қазақ халқының қаһарман қызының жарқын бейнесі мәңгі сақталады.
Көрменің негізгі мақсаты: Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Кеңес Одағының батыры –Мәншүк Мәметова туралы өмірі мен ерлігі жайлы оқырман қауымға таныстыру.
Міндеттері:
- өлке тарихын зерттеудің дереккөзі ретінде архивтік құжаттарды ұсыну;
- Мәншүк Мәметова өмірбаянымен таныстыру;
- өлке тарихына құрмет сезімін қалыптастыру.

Кеңес Одағының батыры –Мәншүк Маметованың майдан кезіндегі суреті.
Түпнұсқа БҚО МА П-36 қор,1-тізімдеме,605 іс.

30- тамыз 1942 жылы Мәншүктің Ахмеджан Кушегуловичке
майданнан «Көмегіңіз үшін үлкен рахмет» атты жазған хаты.
Көшірме БҚО МА 628 қор,1-тізімдеме.

«Мәншүк халқының бақыты үшін жас ғұмырын берді,Қазақ халқының қызы ерлікпен қаза тапты» атты 1963 жылғы «Тың»газетіндегі мақала.
Көшірме БҚО МА 628 қор.

Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың туған жері Бөкей Орда ауданынан 5 шақырым жерде орналасқан «Өркен» кольхозының тұрмыс жағдайы туралы жазылған 1945 жылғы «Приуралье» газетіндегі мақала.
Көшірме БҚО МА 628 қор.

Мәншүк Маметова анасымен «Каменное плато» шипажайында 1935 жыл.
(Мәншүк оң жағында).
Түпнұсқа.БҚО МА,628 қор,1-тізімдеме.

Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Маметованың өмірбаяны және Невель қаласының азат еткендігі ерлігі туралы 2002 жылғы жазылған «Уральск и Псков шаг в новой век» буклетінен үзінді.
Түпнұсқа БҚО МА 628 қор

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының 1944 жылғы 1 наурыздағы Жарлығымен бекітілген Аға сержант,пулеметші Мәншүк Маметоваға Кеңес Одағының батыры туралы марапат қағазы.
Көшірме БҚО МА 628 қор.