• Шаралар
  • Көрмелер
  • ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ САРСЕНГАЛИЕВ ХАБИДЫҢ ТУҒАНЫНА 100 ЖЫЛ

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ САРСЕНГАЛИЕВ ХАБИДЫҢ ТУҒАНЫНА 100 ЖЫЛ

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ САРСЕНГАЛИЕВ ХАБИДЫҢ ТУҒАНЫНА 100 ЖЫЛ!!

Сіздердің назарларыңызға Сарсенгалиев Хабидың 100 жылдық мерейтойына арналған оның өмірі мен еңбек жолына байланысты құжаттардың электрондық көрмесін ұсынамыз.

Сарсенгалиев Хаби 1925 жылы Орда ауданы Жиенқұм селолық советінде дүниеге келген.

Кеңес Армиясының қатарына Орал облысы Орда аудандық әскери комиссариатына шақырылды. 1943 жылдың 1 қаңтарынан тамызына дейін Сәрсенғалиев Орынбор тауларында Кеңес Әскерінің қатарында болды. 1943 жылдың қыркүйек айында ол майданға жіберілді және Украина КСР-нің Полтава қаласын азат етуде алғашқы ұрыс рәсімінен өтті. Сарсенгалиев Хаби 5-ші гвардиялық Қызыл Ту танк армиясының Бірінші жеке гвардиялық мотоцикл полкінің құрамында барлаушы мотоциклші ретінде соғысқан. Полк Жоғарғы Бас Қолбасшы И. В. Сталиннің резервінде болды. Украин, Беларусь, Балтық майдандарының құрамында соғысқан. Сәрсенғалиев полкі 3 мыңнан астам неміс солдаттары мен офицерлерін тұтқындады, сәтті операциядан кейін ол үшінші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. Сәрсенғалиев Хаби Кенигсберг операциясына қатысып, Кенигсбергті алғаны үшін медаль алды. Қалаларды азат ету жолында Бас Қолбасшы И.В.Сталиннен 17 алғыс хат алған. 2-ші дәрежелі Отан соғысы және 3-ші дәрежелі Даңқ ордені және 17 медаль, Қаз ССР ППВС құрмет грамотасы бар.

Көрменің негізгі мақсаты: Ұлы Отан соғысының ардагері Сарсенгалиев Хабидың 100 жыл толуына орай өмірі мен қызметін оқырман қауымға таныстыру.

Міндеттері:

- өлке тарихын зерттеудің дереккөзі ретінде архивтік құжаттарды ұсыну;

- Сарсенгалиев Хабидың өмірбаянымен таныстыру;

- өлке тарихына құрмет сезімін қалыптастыру.

Хаби.jpeg

Ұлы Отан соғысының ардагері -Сарсенгалиев Хаби.

                                                                                                                                                                       БҚО МА,227-қор,тізімдеме-1,іс-55.

 

 

 хаби_1.jpeg

 хаби_2.jpeg

 

хаби_3.jpeg

хаби_4.jpeg

Ұлы Отан соғысының ардагері -Сарсенгалиев Хабидің өмірбаяны.

                                                                                                           БҚО МА,227-қор,тізімдеме-1,іс-55. 

 

хаби_5.jpeg

Ұлы Отан соғысының ардагері -Сарсенгалиев Хабидің «Германияны жеңгені үшін».медалі.

                                                                                                             БҚО МА,227-қор,тізімдеме-1,іс-55. 

хаби_6.jpeg

Ұлы Отан соғысының ардагері -Сарсенгалиев Хаби.

Қараша 1945 жыл.

                                                                                                             БҚО МА,227-қор,тізімдеме-1,іс-55. 

хаби_7.jpeg

Ұлы Отан соғысының ардагері -Сарсенгалиев Хаби.

1 -мамыр 1982 жыл

                                                                                                                БҚО МА,227-қор,тізімдеме-1,іс-55. 

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel