ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ СМОЛЕНСКИЙ ПАВЕЛ АЛЕКСЕЕВИЧТІҢ ТУҒАНЫНА 100 ЖЫЛ
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ СМОЛЕНСКИЙ ПАВЕЛ АЛЕКСЕЕВИЧТІҢ ТУҒАНЫНА 100 ЖЫЛ!!
Сіздердің назарларыңызға Смоленский Павел Алексеевичтің 100 жылдық мерейтойына арналған оның өмірі мен еңбек жолына байланысты құжаттардың электрондық көрмесін ұсынамыз.
Смоленский Павел Алексеевич 1908 жылы 9 тамызда дүниеге келген.
1930 жылы Горбунов ауылының мектебінде директорлық қызмет атқарды. 1935 жылдары Дарьинскі орта мектебінің ал 1939 жылдары Теректі ауданындағы Долинный ауылындағы Чапаев орта мектебінде қызмет жасады.
Соғыстың алғашқы күндерінде армияға барып, ұрыс даласында байланысшы болып кейіннен штабта жұмыс жасайды. Майданда ауыр жараланып контузия алып 1945 жылдың жазында елге оралады.
Елге оралған соң қайтадан еңбек жолын жалғастырып мектеп директоры болып қызмет жасайды. 1972 жылы зейнетке шығып, 1975 жылы Орал қаласына көшіп келеді.
Еңбек жолында 38 жылдық еңбек өтілі бар, 4 жыл мектеп меңгерушісі ал 34 жыл мектептерде директор болып қызмет атқарған. 1981 жылы өмірден өткен.
Жауынгерлік және еңбек қызметі үшін тапсырылған мемлекеттік наградалары бар, сонымен қатар 2 орденнің иегері.
1) Қызыл Ту ордені.
2) Қызыл Жұлдыз ордені.
Көрменің негізгі мақсаты: Ұлы Отан соғысының ардагері Смоленский Павел Алексеевичке 100 жыл толуына орай өмірі мен қызметін оқырман қауымға таныстыру.
Міндеттері:
- өлке тарихын зерттеудің дереккөзі ретінде архивтік құжаттарды ұсыну;
- Смоленский Павел Алексеевичтің өмірбаянымен таныстыру;
- өлке тарихына құрмет сезімін қалыптастыру.

БҚО МА,227-қор,тізімдеме-1,іс-57.

БҚО МА,227-қор,тізімдеме-1,іс-57.

БҚО МА,227-қор,тізімдеме-1,іс-57.

БҚО МА,227-қор,тізімдеме-1,іс-57.
БҚО МА,227-қор,тізімдеме-1,іс-57.
БҚО МА,227-қор,тізімдеме-1,іс-57.

БҚО МА,227-қор,тізімдеме-1,іс-57.
БҚО МА,227-қор,тізімдеме-1,іс-57

БҚО МА,227-қор,тізімдеме-1,іс-57

БҚО МА,227-қор,тізімдеме-1,іс-57

БҚО МА,227-қор,тізімдеме-1,іс-57

Ұлы Отан соғысының ардагері –Смоленский Павелдің «Германияны жеңгені үшін».медалі.
БҚО МА,227-қор,тізімдеме-1,іс-57.