Кезекті семинар өтті
Мекемелермен ұйымдардың мұрағатшыларына әдістемелік-тәжірибелік көмек көрсету ведомстволық мұрағаттармен жұмыс бөлімінің негізгі бір қызметі болып табылады. Осыған байланысты, мемлекеттік мұрағатта 2015 жылдың 19 ақпанында биылға бірінші семинар-кенесі өткізілді. Ұйымдастырылған семинар мемлекеттік мұрағаттың толықтыру көзіне енгізілген әр-түрлі салалар бойынша қызмет атқаратын мекемелер мен кәсіпорындарды қамтыды: білім, денсаулық, әлеуметтік, банк, экономика, жеке кәсіпкерлер, ауыл шаруашылғы, қоғамдық ұйымдар және өткен жылы жаңадан құрылған мекемелер.
Оқу барысында негізгі атқаратын жұмыс бағытында яғни ұйымдар мен мекемелердің мұрағатшыларына істер номенклатурасын, құжаттардың құндылығына сараптама жүргізуіне және тұрақты, жеке құрам, уақытша 10 жылдан жоғары істер, сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы акт, тарихи анықтама құрастыруға әдістемелік-тәжірибелік көмек көрсетіледі. Жиынға қатынасқан қызметкерлерге мұрағат мамандарымен жасақталған жаңа жоба «электронды мұрағат» құжаттарды толықтыру жүйесі таныстырылып, қолдану тәсілдері түсіндірілді.
Күні бүгін мұрағат өз толықтыру көзіне енгізілген ұйымдармен кәсіпорындардың ведомстволық мұрағатындағы сақтаудағы құжаттарды электронды форматқа көшіріп бірегей электронды базы құру бойынша жұмыстануда. Электронды базаға құжаттарды бір жүйелікпен орналастыру үшін арнайы «электронды мұрағат» яғни мәліметтер қоры жобасы жасақталды.
Семинар-кеңеске шақырылған ұйымдардын өкілдері толықтый қатынасып қызу белсенділік байқатты. Өткізілген шара соңында талқыланған мәселелер бойынша хаттама толтырылып, барлық мекеме басшыларына хаттар жолдануда.
Ведомстволық мұрағаттармен жұмыс бөлімінің басшысы М.Муканов
23.01.2015