Мекемелерде мұрағаттық істі жүргізуді ұйымдастыру туралы
Лекция БҚО мемлекеттік мұрағатында 2013 жылдың 7, 21, 28 қарашаларында және 2014 жылдың 18 ақпанында өткен семинар-кеңестердің бағдарламаларына енгізілген.
Лекцияның авторы: С.Семғалиев, ведомстволық мұрағаттармен жұмыс бөлімінің жоғары санатты аға маман - мұрағатшысы.
Лекция мақсаты: тыңдаушыларды мекемелердегі мұрағаттық істі жүргізуді ұйымдастыру тәртібімен таныстыру.
Лекцияның ұзақтығы: 60 минут.
Тыңдаушылар санаты: мұрағаттық істі жүргізу қызметін атқаратын мекемелердің қызметкерлері (іс жүргізушілер мен архивариустар).