• Архив туралы
  • Архив ережесі
  • «Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

                                                                                                                                                                                                                                                                 2022 жылғы «24»тамыздағы №1-нқ
                                                                                                                                                                                                                                                                 Батыс Қазақстан облысының мәдениет,
                                                                                                                                                                                                                                                                 тілдерді дамыту және архив ісі
                                                                                                                                                                                                                                                                 басқармасының бұйрығымен
                                                                                                                                                                                                                                                                 бекітілген
 
 
«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
 

1.Жалпы ережелер

1.«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісібасқармасының«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі –коммуналдық мемлекеттік мекеме) Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорын мемлекеттік қорғауды, тұрақты сақтауды, толықтыруды, есепке алуды және пайдалануды ұйымдастыру функцияларын жүзеге асыру үшін құрылған, заңды тұлға мәртебесі бар коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2.Мемлекеттік мекеменің түрі – коммуналдық мемлекеттік мекеме.
3.Коммуналдық мемлекеттік мекеме Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 25 мамырдағы №111 қаулысымен құрылды.
4.Батыс Қазақстан облысының әкімдігі коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы болып табылады.
5.Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған байланысты коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасыболып табылады.
6.Коммуналдық мемлекеттік мекеменің атауы - «Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
7.Коммуналдық мемлекеттік мекеменің тұрған жері – 090000, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Қасым Аманжолов көшесі, №85 үй.
 

2.Коммуналдық мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі

1. Коммуналдық мемлекеттік мекеме мемлекеттік тіркелген кезден бастап құрылды деп есептеліп, заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.
2. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Коммуналдық мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.
3.Коммуналдық мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
4. Коммуналдық мемлекеттік мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Коммуналдық мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.
5. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.
3. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары
13. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мәні:
1) архивті Батыс Қазақстан облысының архивтік құжаттар қоры менбейініне сәйкес мәдени, саяси, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми және тарихи мәні бар архивттік құжаттармен толықтыру;
2) архивта сақтауда тұрған құжаттардың мемлекеттік есебін және сақталуын қамтамасыз ету;
3) қолданыстағы заңнамалар негізіндегі пайдалануына шек қойылған құжаттарды қоспағанда, архивтік құжаттармен еркін пайдалануға қол жеткізуді қамтамасыз ету;
4) мемлекеттік органдарды ақпараттық қамтамасыз ету, заңды және жеке тұлғалардың конституциялық құқықтарын және ақпараттық талаптарын қанағаттандыру, құжаттарды пайдалану және жариялау, архив құжаттарының дерекқорын және ақпараттық-іздеу жүйесін жасақтау;
5) архив ісі саласында ғылыми-зерттеу, әдістемелік жұмыстарды жүргізу, ғылыми-зерттеу нәтижелерін және озық тәжірибелерді іс-тәжірибесіне енгізу болып табылады.
14. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорын мемлекеттік қорғауды, тұрақты сақтауды, толықтыруды, есепке алуды және пайдалануды ұйымдастыру болып табылады.
15. Коммуналдық мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) құжаттардың сақталуын және мемлекеттік есебін жүргізеді;
2) белгіленген тәртіп бойынша құжаттарды құпиясыздандыру жұмыстарын жүзеге асырады;
3) аса құнды құжаттарды айқындайды, олардың есебін жүргізеді, көшірмелерін жасайды;
4) белгіленген тәртіп бойынша мекемелердің, кәсіпорындардың және құжаттар иелерінің тізімін, толықтыру көздерін жасақтайды;
5) архивтік қорды меншік нысанына қарамастан, заңды тұлғалардың құжаттарымен және жеке қорларымен толықтыру жұмыстарын жүзеге асырады;
6) белгіленген құзыреті шегінде толықтыру көздеріне кіретін мекемелер ведомстволық архивтерінің жұмысына және іс қағаздар жүргізуде ұйымдастыру-әдістемелік басшылық жасайды, ведомстволық архивтерде сақтаудағы құжаттардың есебін жүргізеді;
7) құжаттарға жұмыс барысында қажет болатын анықтамалық ақпарат жасайды, оның ақпараттық дәрежесін тұрақты көтеріп отырады;
8) ретроспективтік құжаттық ақпаратқа қоғамның қажеттілігін зерттейді, мемлекеттік органдарға экономикалық, ғылыми, әлеуметтік – мәдени, қоғамдық – саяси және өлкетану мақсаттарында пайдалану үшін архивтің құжат құрамы туралы ақпарат береді;
9) заңды және жеке тұлғалардың сұраныстарын орындайды, оларға әлеуметтік-құқықтық сипаттағы анықтамалар, архивтік құжаттардың архивтік көшірмелерін, архивтік үзінділерін береді;
10) архив құжаттарының дерекқорын және ақпараттық-іздеу жүйесін жасақтайды;
11) құжаттық көрмелерді ұйымдастырады, ақпараттық құралдар арқылы архив құжаттарының жариялауы туралы мәлiмет бередi;
12) уәкілетті органға архив ісін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
13) архивке қойылған міндеттерден туындайтын және қолданып жүрген заңдарға қайшы келмейтін қызметтерді жүзеге асырады.
Коммуналдық мемлекеттік мекемеге ережеде бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
16. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасалған мәміле тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органының) немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
17. Коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.
18. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коммуналдық мемлекеттік мекеме тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ақылы негізде өткізуге құқылы.
4. Коммуналдық мемлекеттік мекемені басқару
18. Коммуналдық мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органы) жүзеге асырады.
19. Коммуналдық мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген уәкілетті орган (атқарушы орган) жүзеге асырады.
20. Тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Коммуналдық мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;
2)Коммуналдық мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
3)Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;
4) Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
5) Коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының ұсынымы бойынша оның орынбасарын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
6) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген функцияларды жүзеге асырады.
21. Коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті саланың уәкілетті органымен (жергілікті атқарушы орган) қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
22. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы Коммуналдық мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, уәкілетті органға тікелей бағынады (Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда) және Коммуналдық мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
23. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидасы бойынша әрекет етеді және Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және Коммуналдық мемлекеттік мекеменің ережесінде айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
24. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметін жүзеге асыруы барысында мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Коммуналдық мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) мемлекеттік органдарда және ұйымдарда коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
3) шарттар жасасады;
4) сенімхаттар береді;
5) Коммуналдық мемлекеттік мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және олардың біліктілігін арттырудың тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
6) банк шоттарын ашады;
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8) Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі
басқармасытағайындайтын қызметкерлерден басқа, Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
9) Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу мен жазалау шараларын қолданады;
10) өз орынбасарының және коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметкерлерінің өкілеттік аясын айқындап, міндеттерін бекітеді;
11) Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы Ережемен және уәкілетті органмен жүктелген функцияларды жүзеге асырады.
 
5. Коммуналдық мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі
25. Коммуналдық мемлекеттік мекеме мүлкін бағасы оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналардың:
1) оған меншік иесі берген мүлік;
2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған қаржы көздері есебінен құрылады.
26. Коммуналдық мемлекеттік мекеме дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета құралдары бойынша бөлінген мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
27. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, мемлекеттік мекеменің қызметі тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы органы бюджетінен не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырады.
28. Коммуналдық мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
29. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизия тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
 
6. Коммуналдық мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі
30. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
 
7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
31. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды жергілікті атқарушы орган енгізеді немесе оған тиісті саланың уәкілетті органына өкілеттік беріледі.
32. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.
 
8. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және
тарату шарттары
33. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
 
9. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің филиалдары менөкілдіктері туралы мәліметтер
34. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мынадай филиалдары бар:
1) «Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісібасқармасының«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Сырым филиалы;
2) «Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісібасқармасының«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жалпақтал филиалы.
 
 
Коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің директоры
А.Савгабаева

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel