«Батыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Сырым филиалы туралы Ереже
«Батыс Қазақстан облысы мәдениет,
архивтер және құжаттама басқармасының
Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік
архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
2016 жылғы 17 қазандағы №23-нқ бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
«Батыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және
құжаттама басқармасының Батыс Қазақстан облысының
мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Сырым филиалы туралы
ЕРЕЖЕ
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. «Батыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Сырым филиалы (бұдан әрі мәтін бойынша – филиал) «Батыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрi мәтiн бойынша – БҚО мемлекеттiк архиві) орнынан тыс жерде орналасқан оқшау құрылымдық бөлiмшесі болып табылады және осы ережешегінде, соның iшiнде өкiлдiктiң функцияларын орындайды.
2. Филиал БҚО мемлекеттік архивінің 2012 жылғы 31 шілдедегі «Филиалдарды құру туралы» №1 бұйрығымен құрылды.
3. Филиалдың атауы - «Батыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Сырым филиалы.
4. Мемлекеттік мекеменің тұрған жері – Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Әйтеке би көшесі, №11 үй.
5. Филиал қызметінiң мерзiмi шектелмейді.
2. Филиалды құратын заңды тұлғаның қызмет мәні мен тіркелуі туралы мәліметтер
6. Филиалды құратын заңды тұлғаның атауы - «Батыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
7. Филиалды құратын заңды тұлғаның тұрған жері – 090000, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Қасым Аманжолов көшесі, №85 үй.
8. Филиалды құратын заңды тұлғаның тіркелуі туралы мәліметтер – заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуі туралы 2012 жылғы 5 шілдедегі №331-1926-01-ГУ куәлігі.
9. Филиалды құратын заңды тұлғаның қызметтік мәні болып келесілер табылады:
1) архивті Батыс Қазақстан облысы архивттік құжаттар қорымен және басқада бейініне сәйкес мәдени, саяси, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми және тарихи мәні бар архивттік құжаттармен толықтыру;
2) архивте сақтауда тұрған құжаттардың мемлекеттік есебін және сақталуын қамтамасыз ету;
3) қолданыстағы заңнамалар негізіндегі пайдалануына шек қойылған құжаттарды қоспағанда, архивттік құжаттармен еркін пайдалануға қол жеткізуді қамтамасыз ету;
4) мемлекеттік органдарды ақпараттық қамтамасыз ету, заңды және жеке тұлғалардың конституциялық құқықтарын және ақпараттық талаптарын қанағаттандыру, құжаттарды пайдалану және жариялау, архив құжаттарының дерекқорын және ақпараттық-іздеу жүйесін жасақтау;
5) архив ісі саласында ғылыми-зерттеу, әдістемелік жұмыстарды жүргізу, ғылыми-зерттеу нәтижелерін және озық тәжірибелерді іс-тәжірибесіне енгізу болып табылады.
3. Филиал қызметінің мәні мен мақсаттары
10. Филиал БҚО мемлекеттiк архивінің функцияларын Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданы аумағында тиісті дәрежеде іске асыру мақсатында орналасқан орнынан тыс жердегі оқшау құрылымдық бөлiмшесіретінде құрылды.
11. Филиал қызметінің мәні:
1) архивті Сырым ауданының архивттік құжаттар қорымен және басқада бейініне сәйкес мәдени, саяси, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми және тарихи мәні бар архивттік құжаттармен толықтыру;
2) архивте сақтауда тұрған құжаттардың мемлекеттік есебін және сақталуын қамтамасыз ету;
3) қолданыстағы заңнамалар негізіндегі пайдалануына шек қойылған құжаттарды қоспағанда, архивттік құжаттармен еркін пайдалануға қол жеткізуді қамтамасыз ету;
4) мемлекеттік органдарды ақпараттық қамтамасыз ету, заңды және жеке тұлғалардың конституциялық құқықтарын және ақпараттық талаптарын қанағаттандыру, құжаттарды пайдалану және жариялау, архив құжаттарының дерекқорын және ақпараттық-іздеу жүйесін жасақтау;
5) архив ісі саласында ғылыми-зерттеу, әдістемелік жұмыстарды жүргізу, ғылыми-зерттеу нәтижелерін және озық тәжірибелерді іс-тәжірибесіне енгізу болып табылады.
12. Филиал қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорын мемлекеттік қорғауды, тұрақты сақтауды, толықтыруды, есепке алуды және пайдалануды ұйымдастыру болып табылады.
13. Филиал мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) құжаттардың сақталуын және мемлекеттік есебін жүргізеді;
2) аса құнды құжаттарды айқындайды, олардың есебін жүргізеді;
3) белгіленген тәртіп бойынша мекемелердің, кәсіпорындардың және басқада құжаттар иелерінің тізімін жасақтайды, БҚО мемлекеттік архиві бойынша Қазақстан Республикасының архив қорының толықтыру көздері тізіміне енгізу үшін ұсыныстар енгізеді;
4) архивттік қорды меншік нысанына қарамастан, заңды тұлғалардың құжаттарымен және жеке қорларымен толықтыру жұмыстарын жүзеге асырады;
5) белгіленген құзырет шегінде толықтыру көздеріне кіретін мекемелер ведомстволық архивтерінің жұмысына және іс қағаздар жүргізуде ұйымдастыру-әдістемелік басшылық жасайды, ведомстволық архивтерде сақтаудағы құжаттардың есебін жүргізеді;
6) құжаттарға жұмыс барысында қажет болатын анықтамалық ақпарат жасайды, оның ақпараттық дәрежесін тұрақты көтеріп отырады;
7) ретроспективтік құжаттық ақпаратқа қоғамның қажеттілігін зерттейді, мемлекеттік органдарға экономикалық, ғылыми, әлеуметтік – мәдени, қоғамдық – саяси және өлкетану мақсаттарында пайдалану үшін архивтің құжат құрамы туралы ақпарат береді;
8) заңды және жеке тұлғалардың сұраныстарын орындайды, оларға әлеуметтік-құқықтық сипаттағы анықтамалар, архивттік құжаттардың архивттік көшірмелерін, архивттік үзінділерін береді;
9) архив құжаттарының дерекқорын және ақпараттық-іздеу жүйесін жасақтайды;
10) құжаттық көрмелерді ұйымдастырады, ақпараттық құралдар және басқада жолдар арқылы архив құжаттарының жариялауы туралы мәлiмет бередi;
11) БҚО мемлекеттік архивіне архив ісін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
12) архивке қойылған міндеттерден туындайтын және қолданып жүрген заңдарға қайшы келмейтін басқа да қызметтерді жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекемеге ережеде бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
4. Филиалдың құқықтық мәртебесі
14. Филиал заңды тұлға болып табылмайды және өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, басқа да республикалық және аумақтық нормативтік құқықтық актілерге, «Батыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережесі мен осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
15. Филиал БҚО мемлекеттік архивіне ведомстволық бағынады. БҚО мемлекеттік архиві филиалдың қызметіне құқықтық және материалдық-техникалық жағдайлар жасайды, филиалға бекітілген мүліктің сақталуын, түгелдігін және бөлiнбейтiндiгін қамтамасыз етеді.
16. БҚО мемлекеттік архиві филиалға өндірістік қызметті іске асыру үшін негізгі құралдар бөледі, олар БҚО мемлекеттік архивінің балансына есепке алынады.
17. Филиал өз қызметін БҚО мемлекеттік архиві атынан жүргізеді. Филиалдың өз құзыреті шегінде өзіне қабылдаған міндеттер бойынша жауапкершілігін БҚО мемлекеттік архиві көтереді.
18. Филиалдың штаттық санын БҚО мемлекеттік архиві бекітеді.
19. Филиалдың қаржыландырылуы және материалдық-техникалық қамтылуы облыстық бюджет қаражаты арқылы жүзеге асады. Филиалдың қызметін қаржыландыру мен материалдық-техникалық қамту мәселелері бойынша бухгалтерлік есеп пен есептілік орталықтандырылған түрде БҚО мемлекеттік архивінде жүргізіледі.
20. Өндірістік қызметті оперативті түрде жүргізу мақсатында филиал мемлекеттік тілде жазылған өз атауы және Қазақстан Республикасы елтаңбасының сұлбасы бар дөңгелек мөр мен мөртабандарды, мемлекеттік және ресми тілінде жазылған өз атауы бар қызметтік бланкілерді дайындап пайдаланады.
21. Филиалға ақылы қызмет көрсетуге, кәсіпкерлік және басқа да табыс алуға бағытталған қызметпен айналысуға тыйым салынады.
5. Филиалдың мүлкі
22. Филиал БҚО мемлекеттік архивінің сметасы бойынша қаржыландырылады.
23. Филиалдың мүлкі Батыс Қазақстан облысының меншігінде және оперативтік басқару құқығымен БҚО мемлекеттік архивінің иелігінде болып есептеледі.
24. Филиал мүлкінің құрастыру көздері:
- белгіленген тәртіпте БҚО мемлекеттік архиві бекіткен мүлік;
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да түсімдер.
25. Филиалдың мүлкі қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте құрастырылған БҚО мемлекеттік архивінің балансында көрсетіледі және жарғылық мақсаттарды іске арысу үшін қажет негізгі құралдардан құрылады.
26. Филиал өзіне бекітілген БҚО мемлекеттік архивінің бюджеттік және басқа құралдар есебінен алынған мүлікті БҚО мемлекеттік архиві ережесінде және осы ережеде қарастырылған жағдайлар мен тәртібін қоспағанда өз иелігінен шығаруға немесе басқа тәсілмен басқаруға құқы жоқ.
27. Мүлікті пайдалануда филиал келесілерге міндетті:
1) мүлікті тиімді пайдалануға;
2) мүліктің қатаң мақсатты пайдалануын және оның сақталуын қамтуға;
3) нормативпен белгіленетін тозығын есептемегенде мүліктің техникалық жағдайын нашарлауына жол бермеуге.
28. Филиалға бекітілген мүліктің мақсатқа сай пайдаланылуына және сақталуына бақылауды белгіленген тәртіпте БҚО мемлекеттік архиві жүзеге асырады.
6. Филиалды басқару
29. Филиалдың қызметін БҚО мемлекеттік архивінің директоры тағайындайтын директор басқарады. Филиал директоры БҚО мемлекеттік архивінің директоры берген және қол қойған сенімхат негізінде қызмет атқарады.
30. БҚО мемлекеттік архиві филиалды басқаруда келесідей функцияларды жүзеге асырады:
1) осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, жаңа Ереже қабылдайды;
2) филиалдың құрылымын анықтайды және бекітеді;
3) филиал қызметінің негізгі бағыттарын анықтайды, жылдық жоспарлары мен олардың орындалуы туралы есептерді бекітеді;
4) заңда қарастырылған негіздерге сәйкес филиалдың директоры мен қызметкерлерін тағайындайды және жұмыстан босатады;
5) директордың және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
6) өз құзыреті шегінде филиал директорына нұсқаулар береді, олардың орындалуын бақылайды;
7) филиалдың штаттық кестесіне сәйкес филиалдың қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды, орын алмастырады, босатады;
8) директор мен филиал қызметкерлеріне көтермелеу және ішкі еңбек тәртібі мен қолданыстағы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сай оларды жазалау шараларын қолданады;
9) филиалға мүлікті үлестірудің мөлшерін, нысанын және тәртібін белгілейді;
10) бекітілген нормалар шегінде филиалды қаржыландырады және материалдық-техникалық қамтылуын қамтамасыз етеді, филиал қызметінің қаржыландырылуы мен материалдық-техникалық қамтылуы жөніндегі мәселелер бойынша орталықтандырылған түрде бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізеді;
11) филиал қызметін тоқтату туралы шешім қабылдайды, таратушы комиссия тағайындайды, тарату балансын бекітеді;
12) филиалдың мақсаттары мен міндеттеріне жету үшін қажетті басқа да әрекеттер жасайды.
31. Филиал директоры:
1) сенімхат бойынша осы Ережемен және берілген сенімхатпен белгіленген құзырет шегінде БҚО мемлекеттік архивінің атынан әрекет етеді;
2) БҚО мемлекеттік архиві бекіткен жоспарларына сәйкес филиалдың қызметін оперативтік басқарады;
3) Қазақстан Республикасының басқа кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер және азаматтармен қарым-қатынастарда филиал келбетінде БҚО мемлекеттік архивінің мүдделерін ұсынады;
4) филиалдың бекітілген штаттық құрылымына сәйкес филиал қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын жасақтап БҚО мемлекеттік архиві директорының бекітуіне ұсынады;
5) филиалдың жылдық жұмыс жоспарлары мен жұмысы туралы есептерді жасақтап БҚО мемлекеттік архиві директорының бекітуіне ұсынады;
6) өз құзыреті шегінде филиалдың барлық қызметкерлеріне нұсқау береді, орындалуын бақылайды;
7) мекемелер мен азаматтар сұраныстары бойынша құжаттарды жариялау үшін, пайдаланушыларға қолдану үшін уақытша пайдалануға беру мәселелерін шешеді;
8) директор мен филиал қызметкерлеріне көтермелеу және ішкі еңбек тәртібі мен қолданыстағы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сай оларды жазалау шараларын қолдану туралы БҚО мемлекеттік архиві директорына ұсыныстар енгізеді;
9) қызметкерлердің біліктілігін арттыруды, еңбектің озық нысандары мен тәсілдерін енгізу бойынша шараларды жасақтау және іске асыруды ұйымдастырады;
10) азаматтардың жеке қабылдауын өткізеді, өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша филиал қызметкерлерінің арыз-шағымдар мен ұсыныстарды қабылдауларына және қарауды ұйымдастыруларына жеке жауапты болады;
11) осы Ереже мен сенімхат белгілеген тәртіпте және шекте филиалдың мүлкін басқарады;
12) Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес барлық филиал қызметкерлерімен ішкі еңбек тәртіп ережелерін сақтауларын қамтамасыз ету шараларын қабылдайды;
13) бөлмелердің тиісті техникалық пайдаланылуын, өрт және күзету қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын қамтиды, қажетті мүлікке, жабдықтарға және материалдарға деген қажеттілікті анықтайды, БҚО мемлекеттік архивінің директорына сәйкесті ұсыныстар енгізеді;
14) филиал жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
15) филиалдың мақсаттары мен міндеттеріне жету үшін қажетті басқа да әрекеттер жасайды.
32. Филиалдың лауазымды тұлғалары филиалда сақталатын құжаттардағы ақпаратты ұсынбағаны, бұрмалаулары немесе жасырғандары үшін заңнамамен белгіленген жауапкершілікке тартылады.
33. Филиалдың жанында сараптау комиссиясы қызмет жасайды (одан әрі – СК), ол өз қызметін СК туралы Ереже негізінде жүзеге асырады.
Қажет болған жағдайда филиалдың жанында басқа да кеңесші және консультативті органдар мен комиссиялар құрылуы мүмкін.
7. Филиалдың қызмешілері және жұмыс кестесі
34. Еңбек шарты негізінде қызмет жасайтын филиал қызметкерлермен қарым-қатынастар Қазақстан Республикасы заңнамасымен реттеледі.
35. Филиалдың жұмыс кестесі БҚО мемлекеттік архивінде ішкі еңбек тәртібімен бекітілген БҚО мемлекеттік архивінің жұмыс кестесіне сәйкес белгіленеді.
8. Филиал туралы Ережеге өзгерістер мен
қосымшалар енгізу тәртібі
36. Филиал туралы Ережеге өзгерістер мен қосымшалар БҚО мемлекеттік архивінің бұйрығымен енгізіледі.
37. Филиал туралы Ережеге енгізілген өзгерістер мен қосымшалар Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тіркеледі.
9. Филиалды қайта құру және тарату шарттары
38. Филиалды қайта құру және тарату Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүзеге асады.