Облыстық Ұлттық мұрағат қорына ағымдағы жылдың маусым айында Орал қаласы әкімдігі Орал қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Ритуал» МКК-ның ведомостволық мұрағат құжаттары кәсіпорынның жабылуына байланысты Ұлттық мұрағат қорына тұрақты сақтауға алынды.
Облыстық Ұлттық мұрағат қорына ағымдағы жылдың маусым айында Орал қаласы әкімдігі Орал қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Ритуал» МКК-ның ведомостволық мұрағат құжаттары кәсіпорынның жабылуына байланысты Ұлттық мұрағат қорына тұрақты сақтауға алынды.
«Ритуал» МКК шаруашылықты жүргізу құқығы негізіндегі Орал қаласы әкімдігі Орал қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жеке меншік және атқарушы органы болып табылады.
«Ритуал» МКК-ны халыққа жерлеу бойынша ритуалды қызмет көрсету, тексіз, туысы танылмағандарды жерлеу, жерлеуді ұйымдастыру, ескерткіштерді орнату, зиратты қоршау, зиратты күту, жерлеу ритуалдарын өндіру сияқты қызмет түрлерін көрсеткен. Кәсіпорынға мемлекеттік тапсырыстарды орындау міндеті жүктелген. Сонымен қатар, кәсіпорын облыс бойынша жерлеу қызметтерін көрсететін нарықтағы басымдылық үлесі 100 пайыз мемлекеттік нарық субъектілерінің тізіліміне енген. Кәсіпорын өндірілген тауарлардың қаражатымен шығындардың орнын толтыру, жеке кіріс есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етіп отырған.
«Ритуал» МКК Қарттар мен жалпы үлгідегі мүгедектерге арналған ОМӘМ – не, Круглоозерный психоневрологиялық медициналық –әлеуметтік мекемесіне және «Облыстық клиникалық ауруханасы» МКҚК, «БҚО денсаулық сақтау департаментінің перинатальды орталығы» ММ-не жерлеу бойынша түрлі қызмет көрсеткен.
Сарапталып, өңдеуден өткен құжаттардың арасында тексіз, туысы танылмаған жерленгендердің құжаттарында қайтыс болғандық туралы анықтама бар, осындай анықтама 1998 жылы 40 адамға жазылған.1997 жылдан 2000 жылға дейінгі жерленгендерді есепке алу кітабына 892 жерленгендер тізімі енгізілген. Сол сияқты, тексіз, туыстары танылмаған жерленгендердің кітабына 1999 жылдан 2011 жылға дейін 137 қайтыс болғандар тізімі алынған. Кәсіпорынның қаражат құрамы және олардың құралу көздері туралы және қоршаған ортаны қорғауға шығындар туралы жылдық статистикалық есептерде қаражат көздерінің жұмсалуы мен шығындары көрсетілген. «Ритуал» МКК бастығына, қаржы саласы бойынша бастықтың орынбасарына сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстеме тағайындау туралы 2008 жылға арналған ережеде сыйақы беру шарттары, материалдық көмек көрсету шарттары, лауазымдық жалақыға үстеме тағайындау шарты,сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыға үстеме тағайындау тәртібі туралы жазылған. 2009 жылғы жерді өтеусіз пайдалану құжаттарына уақытша өтеусіз жер пайдалану туралы шарт және жер учаскесінің жоспары, деректемелер алынған. Жергілікті өкілді және атқарушы органдарының қызметке қатысты заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерінде Орал қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 19 қыркүйектегі №2611 қаулысына өзгерістер енгізу және Орал қаласы әкімдігі Орал қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Ритуал» МКК-на жер учаскесін беру туралы Орал қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 21 мамырдағы Қаулысы кездеседі. Бұл қаулыда Деркөл кенті, Маштаков ауылы ауданындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер санатындағы көлемі 15,0 га (тыңайған жер) жер учаскесі елді мекендерінің жер санатының ортақ пайдаланудағы жерлерінің құрамына аудару және «Ритуал» МКК-на зират орналастыру және оған қызмет көрсету үшін 5 жыл мерзімге Деркөл кенті, Маштаков ауылы ауданындағы көлемі 15,0 га бөлінетін жер учаскесіне уақытша өтеусіз пайдалану құқығын беру туралы шешім шығарылады.
Үстіміздегі жылы кәсіпорынның ведомостволық мұрағатындағы 1989-2015 жылдар аралығындағы құжаттарына, жергілікті өкілді және атқарушы органның қызметке қатысты бұйрықтарына, қызметке қатысты заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілеріне, тексіз, туысы танылмаған жерленгендердің құжаттарына, жерленгендерді есепке алу кітаптарына, туысы жоқ іздеусіз мүрделерді жерлеу актілеріне, жылдық шығындар және кірістер сметасына, жылдық есептік баланстарға, штаттық кесте, жылдық статистикалық есептерге, жылдық есептерге, өндіріс және жеке құрам бойынша бұйрықтарға, еңбекақы есептеу ведомостарына, ЖЗҚ қаражат аудару және әлеуметтік аударымдар бойынша құжаттарға, сонымен бірге, жұмыстан босатылған қызметкерлердің жеке істеріне ғылыми-техникалық өңдеу жұмыстары жүргізілген.
Мемлекеттік мұрағаттың мұрағат қорына барлығы 257 сақтау бірлігі тұрақты сақтауға қабылданды. Құжаттарға тұрақты сақталатын істердің №1 тізімдемесі, жеке құрам бойынша істердің №1-ж және №2-ж тізімдемелері тұрғызылған.
Құжаттар мен істер тізімдемелері бойынша тексеріліп, қабылдау-тапсыру актісі жасалып, №1098 қор нөмірі берілді.