Толықтыру көздерінің тізімі
Анықтамалыққа аумақтық белгісі бойынша БҚО мемлекеттік мұрағаты мен оның филиалдарының қарауына жататын мекемелер - толықтыру көздері туралы мәліметтер енгізілген.
Бұл анықтамалықта енгізілген мекемелер - толықтыру көздері олардың қызмет салалары бойынша топтастырылған, мекемелердің атаулары, олардың ұйымдастыру-құқықтық нысандары, олардың қызметінде қалыптасатын құжаттардың түрлері, мемлекеттік мұрағат пен олардың арасындағы ынтымақтастық туралы шарттарының нөмірлері және сол шарттар негізінде мекемелерге әдістемелік басшылық жүргізіп, құжаттарын сақтауға қабылдайтын мұрағаттық мекеменің атауы көрсетілген.
Осы анықтамалық мемлекеттік мұрағат пен оның филиалдары қызметкерлерінің және басқа да қызығушылық білдірген заңды және жеке тұлғалар, зерттеушілердің қолданылуына ұсынылады.