Бас бухгалтер

Акбукенова Айслу Асылбекқызы

Телефон: 8 (7112) 51-47-13

Архив құжаттарын пайдалану және жариялау

Құжаттарды пайдалану және ғылыми-анықтамалық аппарат бөлімі архив құжаттарын жан-жақты пайдалануды және жариялауды ұйымдастыру, ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстарды жүргізу, құжаттарды жариялау және ғылыми пайдалану саласындағы жұмыстардың озық тәжірибесін іс жүзінде пайдалану және оларды әрі қарай дамыту мен жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді. Сонымен қатар, құжаттарға ғылыми-анықтамалық аппарат жасау және жетілдіру бойынша жұмысты жүргізеді (архив тізімдемелері, каталогтар, көрсеткілер, құжаттарға шолу, құжаттардың құрамы мен мазмұны туралы анықтамалық және т.б.), заңды және жеке тұлғаларға архивтің оқу залында пайдалануға болатын құжаттарды зерттеуге береді, архив құжаттарының көрмелері, архив құжаттары негізіндегі мақалалар әзірлеуді ұйымдастырады. Архив құжаттары анықтамалықтары мен жинақтарын жинақтап, жарыққа шығарады. БҚО мемлекеттік архиві филиалдарының ғылыми-анықтамалық аппаратына құжаттарды жариялауын және ғылыми пайдалануын жетілдіру сұрақтарына әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді.

Бөлім басшысы: Доши Бағдат Серікұлы

Телефон: 8 (7112) 50-90-27

Ведомстволық архивтермен жұмыс  бөлімі

Ведомстволық архивтермен жұмыс бөлімі- архив ісін дамыту мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуына ықпал етеді. Толықтыру көздері болатын мекеме, ұйым, кәсіпорындарда құжаттарды басқару қызметі және олардың сақталуын бақылауды, ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстарын жүргізеді, әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді, мемлекеттік сақтауға өткізілетін ғылыми-техникалық және басқару құжаттарына сараптау жасайды,толықтыру көздері болатын мекеме,ұйым,кәсіпорындармен құжаттарды басқару және архив ісі бойынша қызметтес болу жөнінде келісім шарттар дайындайды және ғылыми-техникалық құжаттармен жұмыс істеу әдісі бойынша өндеуді, дамытуды және тәжірибеге енгізуді, ұсыныс беруді қамтамасыз етеді.Ведомстволық архивтерде архив ісін және іс жүргізуді жетілдіру мәселелері, жаңа технологияларды пайдалану бойынша ұсыныстар енгізеді, сонымен қатар толықтыру көздері болатын мекемелерде сақтауда тұрған құжаттардың есептерін жүргізеді.

Бөлім басшысы: Аманғалиева Айгерім Қаныбекқызы

Телефон: 8 (7112) 51-17-12

Архив қоры құжаттарын мемлекеттік есепке ау және сақтауды қамтамасыз ету бөлімі

         Архив құжаттарын қабылдауды жүзеге асырады және бекітілген түрде қабылдау-тапсыру құжаттарын рәсімдейді, архив қоймасына келіп түскен архив құжаттарына белгіленген тәртіп бойынша есеп жүргізеді, жыл ішінде келіп түскен қорларға қор парағын, қор карточкасы және топографиялық сілтегіштер карточкасы жасалады, архивтегі аса құнды құжаттарға және олардың сақтандыру көшірмелеріне белгіленген үлгіде есеп жүргізеді, жыл сайын архив төлқұжатын жасақтайды, архив қоймасының жылдық жұмыс жоспарын жасақтайды, жылдық жұмыс жоспарына сай жылдық есеп береді, есеп беру жыл ішінде қорлардың көлемі мен құрамындағы өзгерістері туралы мәліметтер береді,табылмаған құжаттарды іздестіру шараларын ұйымдастыру, архив құжаттарының физикалық жай-күйін жақсартуға қажетті іс-шараларды іске асырады және басқа да белгіленген құзіреттері шегінде функцияларды атқарады.  

Бөлім басшысы: Галиаскаров Роман Вадимұлы

Телефон: 8 (7112) 24-04-87

Мемлекеттік қызмет көрсету

Мемлекеттік қызмет көрсету бөлімін БҚО мемлекеттік архивінің директорына бағынатын бөлім басшысы басқарады. Азаматтық қызметке тағайындау немесе конкурс тәртібімен қабылданады. Лауазымнан БҚО мемлекеттік архив директорының бұйрығымен босатылады.
Бөлім басшысы бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды және оған өзіне жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға және жауапкершілік жүктеледі.
Осы тұста бөлім басшысы: мемлекеттік қызмет көрсету және өндірістік іс-әрекетін ұйымдастырады; бөлім жұмысының жоспарын жасайды, оны БҚО мемлекеттік архивінің директорына тапсырады және оның орындалуы туралы есеп жасайды; бөлім қызметкерлеріне нұсқаулар береді, олардың арасында міндеттерді бөледі, өз жұмыс учаскелеріндегі міндеттерді орындауға бөлім қызметкерлерінің жауапкершілік деңгейін анықтайды; бөлімдегі компьютерлердің және басқа да оргтехниканың жағдайын қадағалайды және оларға жауап береді, өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға жауап береді; бөлім қызметкерлері азаматтық қызметшілер болып табылады. Бөлім қызметкерлері міндеттерінің аясы бөлім басшысы жасаған облыс мемлекеттік архиві директоры бекіткен лауазымдық нұсқаулықтармен анықталады.

Бөлім басшысы: Есимова Мейрамгул Хажидуллаевна

Телефон: 8 (7112) 24-26-12

Кадр және ұйымдастыру бақылау жөніңдегі

Бөлім басшысы:

Телефон:

Автоматтандырылған архивтік технологиялар, ақпараттық желі мен деректер қорын құру

Бөлім басшысы:

Телефон:

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel