"Өткен уақыт газет беттерінен" (14.11.2014) - мұрағат оқу залының зерттеушісі С.Калентьевтің басылымдар циклі
Мұрағаттық құжаттарды мұрағаттардың оқу залы арқылы зерттеу үшін беру құжаттарды пайдаланудың бір түрі болып табылады. Соңғы кездері ретроспективті ақпаратқа деген сұраныс көбейе түсті, сондықтан мұрағаттың оқу залындағы ұлттық мұрағат қоры пайдаланушылары да көбеюде. 2014 жылдың қараша айындағы жағдайы бойынша оқу залында 66 зерттеуші тіркелді, 265 келушілер қабылданды. Келушілерге 175 тізімдемелер мен 1005 істер берілді. Оқырмандардың 103 сұраныстары бойынша 815 парақ көшірмелер дайындалып, берілді.
Оқу залы келушілердің арасында мұрағаттық құжаттарды бірнеше айлар бойы зерттеп келетін тұрақты зерттеушілер де бар. Мысалы, Сергей Алексеевич Калентьев. Ол 2013 жылдың наурыз айынан бастап облыстық «Облыстың елді мекендер тарихы» тақырыбы бойынша газеттерді зерттеуге кіріскен.
Күні бүгін мұрағатта 59 атаулардан құралатын газеттердің жинағы бар. Олар 1860 жылдан бастап 2012 жылдарға дейінгі мерзімді құрайды.
Сергей Алексеевич «Красный Урал», «Приуральская правда», «Прикаспийская правда» және «Приуралье» газеттерінің 1919 жылдан бастап 1975 жылға дейінгі нөмірлерін зерттеді. Зерттеу нәтижелері бойынша қалалық “Информбиржа” газетінің беттерінде 2013-2014 жылдары С.Калентьевтің “Время газетной строкой” бірнеше мақалалары жарияланды. Онда мұрағаттағы газеттерден үзінділер басылған. Мақалаларда біздің облыс пен өңірдің дамуы туралы баяндайтын ең қызықты мәліметтер келтірілген.
Бүгін Сізге осы үзінділерді біздің сайтта "Басылымдар, шығарылымдар - Басылымдар" бөлімінде ұсынамыз.